Коронавирус туралы сіз білуге тиіс 7 ақпар

Дүрбелең тудырған дерт

Алдымен, терминнің мәнін ашып алсақ, 2019‑nCoV – коронавирустың бастапқы атауы. Ал қазір бұл SARS‑CoV‑2 ресми атауын алған. Мұндағы SARS – COVID‑2019 («коронавирусты ауру – 2019») сөзінен шығып отыр.

coronavirus-4914026_1280.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус жайында: «Бұл кеселмен күресуге біздің толық мүмкіндігіміз бар. Мұндай қиындықты бір халық, бір қоғам болып еңсеріп шығатынымызға сенімдімін. Бұл – уақытша дүрбелең. Бұл дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек. Енгізіліп жатқан шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы қажет. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы міндетті», – деген еді

COVID‑19 негізінен үлкен аймаққа тарала алмайды. Тек сырқатқа шалдыққан адаммен жақын қарым-қатынас кезінде ғана ауа-тамшылы жолмен жұғуы ықтимал. Осы себептен, эпидемия басталғанда вирус жұққан адам тек жақын тумалары мен бетпе-бет жүздескен достарын ғана «улап» үлгерген еді. Аурудың ұзақтығы екі аптаны құрайды. Ауыр жағдайда 3-6 жетіге жетіп жатады. Вирус жұқтырған адамда аурудың симптомдары міндетті түрде кездеседі. Ең көп таралған симптомдары: қызу (88%), құрғақ жөтел (68%), әлсіздік (38%), жөтел кезінде шырыштың бөлінуі (33%), ауа жетіспеуі (18%), тамақтың ауруы (14%), бас ауруы (14%), бұлшықеттің ауруы (14%), қалтырау (11%). Кей кездері жүрек айнып, лоқсу (5%), мұрынның бітелуі (5%) және диарея (4%) кездесуі мүмкін. Ал тұмау COVID-19-дың симптомы боп саналмайды.

Сол сияқты коронавирус жұқтыру қаупі егде адамдарда жоғары болып отыр. Жалпы, COVID-19 39 бен 70 жас аралығындағыларға көп шабуылдауда (87%). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар мен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдердің пайыздық көрсеткіші бар болғаны 1-ді құрап отырғанын айтады. Аз уақыт бұрын бұл індетке ер адамдар көп шалдығады деген пікір тарағанын жақсы білеміз. ДСҰ әйелдер мен ерлердегі тепе-теңдіктің сақталып отырғанын жеткізді. Айтпақшы, коронавирусқа шалдыққан аяғы ауыр аналар (жүктілігінің соңғы үш айында сырқаттанса) дені сау бала туа алады.

Жаңа вирустың жарқанаттармен 96%, құмырсқа жегіштерге жақын келетін кесерткі тәрізді аңдармен 86–92% генетикалық ұқсастығы бар дейді ғалымдар. Соған қарағанда вирустардың мутацияланып, COVID-19-дың туындауына біз атаған құс пен аңның көмегі болған сияқты.

Сонымен, дүниежүзіні дүрбелеңге салып отырған дерт жайында не білуге тиіспіз?

1. SARS‑CoV‑2 респираторлы вирус қатарына жатқызылады. Бұл ауру адамнан жөтелгенде, не түшкіргенде ауа-тамшылы жол арқылы беріледі деген сөз. Мұндай инфекция ауа арқылы көп аймаққа тарала алмайды. Ол науқастан шыққан тамшының ауыр болуымен байланысты. Десе де, науқастан (маска тақпаған жағдайда жөтеліп, түшкірсе) екі метр (кей деректерде 4,5 метр) арақашықтықтағы барлық адам оның ауаға таралған сілекейі арқылы вирус жұқтырып алу қаупі бар. Сол сияқты ол вирустың ауада таралуына қоршаған орта мен ауа температурасының әсері болады. Сырқат жанмен бір ұшақта ұшу, метроның бір вагонында болу, бір офисте жұмыс жасау немесе бір көшеде ауырған адаммен жүру сіз ойлағандай қауіп туыдрмауы мүмкін. Тек жоғарыда айтылған қашықтық пен одан кейінгі жеке гигиена ержелері сақталса болғаны...

coronavirus-4841735_1280.jpg

2. Коронавирусты науқас адам ұстаған затты ұстап, содан кейін бетіңе, көзіңе, мұрныңа қолыңды жүгірту арқылы жұқтыру қаупі бар. Сол себепті, қолды жиі сабындап жуу керектігі айтылып жатыр. Бұл жұқтыру жолы ауа-тамшыларымен таралғандай көп емес. Десе де, сақтық та қорлық жоқ.

Ең қауіптілері – қолдан қолға жиі өтетін қағаз блокноттар мен монеталар. Сол себепті Қытай билігі ақшаны дезинфекциялау туралы да шаралар қолданған болатын. Банктер құнды қағаздарды міндетті түрде ультракүлгін сәулелерден өткізіп, жоғары температурада ұстаған еді. Одан кейін толық зарарсыздандырған валютаны құрғақ жерде 14 күнге дейін сақтап, қолданысқа жіберген екен.

3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS‑CoV‑2 нәжісті жолмен де жұғуы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр. Оның ішінде канализациядан қауіп келуі ықтимал. Оған себеп – науқастар арасында іштің ауыры, лоқсу, диарея секілді белгілердің көрініс беруі. Сол себепті қоғамдық орындардағы әжетханалардың есік тұтқаларын ұстайтын кезде сақтық шараларын қолданғаныңыз зиянын тигізбейді. Ондай жерге барған соң қолыңызды сабындап жууды да ұмыт қалдырмағаныңыз жөн.

4. Спирт қосылған сұйықтықтарды пайдалану мен хлорлау шаралары вирусты өлтіреді деген нақты пікір жоқ. Кейбір жағдайда бұл шаралар пайдалыдан гөрі, зиян деген дұрысырақ. Мәселен, ультаркүлгін сәулемен стирелдеу қолыңыздың терісін тітіркендіруі мүмкін. Ал спирт араласқан сұйықтықты шашу тыныс алу жолдары мен киімге залал келтіруі ғажап емес. Яғни, бұл аталғандардың есіктің тұтқасын, ыдыс-аяқтарды, жалпы қолданыстағы заттарды дезинфекциялау кезінде пайдасы тигенімен, жеке қолданыста жапа шегіп жүрмеңіз.

5. Коронавирустың асқынуына пневманияға қарсы вакцина қолдану дұрыс емес. Иә, бір қарағанда жаңа вирус өкпеге соққы беретіндіктен, оны қорғаудың жолы осы болып көрінуі мүмкін. Іле-шала ДСҰ пневмонияға қарсы екпелер, мәселен пневмококковті екпе мен гемофильді типтес В таяқша (Hib‑вакцина) коронавирустың асқынуына қарсы ешқандай мүмкіншлігі жоқ екенін айтты. Яғни, жаңа вирус ғалымдарды жаңа екпе ойлап табуға итермелеп отыр.

SARS‑CoV‑2 бұған дейін белгілі болған инфекциялардан ерекшеленетінін естен шығармаған абзал. Қазіргі уақытта көптеген елдер вирустың жолын кесетін арнайы дәрі шығарудың қамында. Мәселен, күні кеше АҚШ-та еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцинаны егіп, сынақтан өткізуді бастады. Оның нәтижесі қашан шығатыны белгісіз.

coronavirus-4904507_1280.jpg

6. Маска тек сақтану шарасының бірі ғана. Басқа қағидаларды сақтамаған жағдайда оның пайдасы көк тиын.

Жұқтырудың алдын алу үшін және инфекцияның таралмауын қамтамасыз ету үшін мына шараларды есте сақтағаныңыз жөн:

- Науқас жандардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жөтелген, түшкірген, жоғары температурасы бар адамдардан сақтаныңыз;

- Егер өзіңіз жай суық тиіп ауырып жатсаңыз да, үйде қалыңыз;

- Ал жөтелсеңіз, түшкірсеңіз, аузыңызды қағаз салфеткамен жабуға тырысыңыз, болмаған жағдайда алақанмен басқаныңыз жөн. Бұл қандай да бір инфекцияның таралуына кедергі болады. Қолданған салфетканы қоқыс жәшігіне лақтырыңыз, қолыңызды жуыңыз.

- Қолыңызбен бетіңізді, көзіңізді, мұрныңызды ұстайтын әдетіңізден арылыңыз.

- Қолыңызды сабындап жиі жуыңыз. Жуу уақыты 20 секундтан кем болмасын.

- Өзіңізбен бірге құрамында 60 пайыздан кем емес спирті бар дезинфекциялық құтыны алып жүріңіз. Сабын қолжетімсіз болған жағдайда, соны пайдаланыңыз.

Жиі-жиі пайдаланыстағы заттарыңызды тазалап отырыңыз: көп адам қолданатын есіктің тұтқасы, пернетақта, стационарлы телефон тұтқасы және тағы басқа. Оларды дезинфекциялау үшін спиртті салфеткаларды пайдаланған жөн.

7. Коронавирусты өздігімнен анықтай аламын деп ойламаңыз.

COVID‑19 дертінің суық тию мен тұмаудан айырар арнайы симптомдары жоқ. Бұл аталған үш ауруға ортақ белгілер: температураның көтерілуі, бас ауруы, жөтел, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы. Мұндай белгілер біліне бастағаннан 103 нөмерін теру қажет. Әсіресе, соңғы екі аптада Италиядан, Ираннан, Қытайдан, Ресейден, Оңтүстік Кореядан және тағы басқа коронавирус өршіп тұрған елдерден келген қонақпен тілдессеңіз, жедел жәрдемді шақыруды кешеуілдетпегеніңіз жақсы.

COVID‑19-ты тек лабораториялық жағдайда ғана анықтауға болатынын естен шығармағаныңыз жөн. Сізге қан анализі мен полимеразиялық тізбек реакциясы арқылы (ПТР) РНҚ 2019‑nCoV-ты анықтауға тест тапсыруды сұрайды. Нәтиже шыққанша пациентті арнайы палаталарға жатқызады. Егер коронавирус анықталмаса, сізге ЖРВИ-ден емделуге қатысты ем-домдар жазып, үйіңізге қайтарады.

Назар аударыңыз! Америкалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бұл вирусты өте тез таралатынын және алдын ала болжау қиындығын ескертеді. Бұл дегеніміз, инфекция туралы анықтамалар күн сайын жаңарып отыруы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан-ақ оның қандай қауіпті екенін түсінеріміз анық. Сол себепті, өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін сақтау үшін ілгерідегі сақтық шараларына көңіл аударыңыз. Әрине, біз әлі SARS‑CoV‑2 туралы көп ақпарат білмеуіміз мүмкін.

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)

Ұқсас материалдар