Жаңалықтар

Кәрілік туралы сенуге болмайтын 8 аңыз

Бәрі өзімізге байланысты...
Кәрілік туралы сенуге болмайтын 8 аңыз
30.04.2018 15:26 7298

Қартаюдан қорқудың ешқандай қажеті жоқ. Ол уақытта да бақытты, денің сау, өз қалағаныңдай белсенді өмір сүруге болады.

Кез келгенімізді буын аурулары күтіп тұр

Физикалық жаттығулар сізге өмір бойы пайдасын тигізеді. Австралиялық ғалымдар 40 пен 67 жас аралығындағы әйелдерді зерттей келе осындай тоқтамға келген. Аптасына екі рет 20 минуттан дене шынықтырып тұрған әйелдердің шеміршек тіні жақсы сақталған екен. Әрдайым белсенді болу буын қабынуының (артрит) емі болып табылады.

Сүйектер сынғыш болады

Остеопороз егде кісілерде расымен көп кездеседі, бірақ барлығы ойлайтындай жиі емес. Ғалымдар 100 жастан асқан әйелдерді зерттегенде ілгеріде айтылған диагноз тек 56%-да кездескен. Сондай-ақ, олар сүйек әлсіздігін тек 87 жастан асқанда ғана байқаған. Бұл жандардың әлі де ғылыми зерттелген диета мен сүйекті қатайтатын жаттығулардың болмаған кезінде өмір сүргенін ескере кетсек, тамаша нәтиже.

Сіздің қалай қартаятыныңызды геніңіз шешеді

Қалай қартаятыныңыз сіздің белсенді өміріңіз бен тамақтануыңызға тікелей байланысты болмақ. Қолданған химиялық заттар мен күйзелістеріңізді де бұл тізімге қосып қоялық. Ал аңыз айтыла береді...

Либидо жоғалады

Жыныстық құмарлықтың жоғалуына қан қысымының жоғарлауы, жүрек ауруы, диабет пен депрессия секілді факторлар да әсер етеді. Дәрігерлердің сөзінше, сексуалды құмарлық 75 жасқа дейін жоғалмайды екен. Нью-Джерси институның зерттеушілері 60 жастан асқан жандарды сауалнамаға тартып, олардың  60%-да осы жылдары қарқынды физикалық байланыс болғанын дәлелдеп отыр. Ал қалғандарында ынтызарлық пен жәй ғана серігі болмаған.

Креативтілік төмендей бастайды

Жас келе креативтілік жоғалуы мүмкін екенін дәлелдейтін дерек жоқ. Керісінше, қартайғанда шығармашылықпен айналысу өмір сапасына кәдімгідей оң ықпал етеді. Джордж Вашингтон университетінің зерттеулері көрсеткендей, жасы келе хорға қосылған жандардың денсаулық көрсеткіштері, өз шығармашылық потенциалын ашпаған жандарға қарағанда жоғары болған. Хорға қатысқандар аз дәрі қабылдап, өздерін жалғыз сезінуден аулақ болып, өмірге оптимизммен қарай бастаған.

Ми дамуын тоқтатады

Зерттеулер көрсеткендей, ми жаңа нейронды байланыстарды қалыптастыруын тоқтатпайды және өзінде бар ақпараттарды өмір бойы сақтайды. Сол үшін маңызды органға жұмыс беріп отыру керек. Ал ол өз кезегінде берілген тапсырманы шешіп отырады.

Ми жас келе сығымдалады

2000 жылдардың бас кезінде жадқа жауап беретін мидың бір бөлігі – гиппокамп, жас адамдарға қарағанда егде кісілілерде кішкентай болатыны айтылған еді. Бірақ, кейін келе миға созылмалы стрестің әсер ететіні дәлелденді. 18 бен 25 жас аралығындағы жандардың бас сүйегін сканерлеу кезінде олардың 25%-ның,  60 пен 75 жас аралығындағы сараптамға қатысқандардың гиппомкампының көлемімен бірдей болғаны анықталды.  

Егде жастағылар қыңыр әрі бақытсыз

Германияның зерттеушілері ұзақ өмір сүріп келе жатқан 40-тан аса жандарды зерттеп, олардың 71% бақытты екенін анықтаған. Олардың сөзіне сенсек, зерттемеге қатысқандар бұған дейін де бақытты ғұмыр кешкен. Сол үшін өзіңе және айналаңа позитивті қарым-қатынасты жас кезден бастап қалыптастыру керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға