Жаңалықтар

Әлем Чемпионатынан қызықты фотолар

Футбол көркі - ойыншылар ғана емес, жанкүйерлер.
Әлем Чемпионатынан қызықты фотолар
30.06.2018 17:03 6356

 

Әлем Чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, 1/8 финалға жолдама алған құрамалар белгілі болды. Егер Сіз жанкүйер болған футбол командасы еңсесі түсіп, үйіне қайтқан болса, мойымаңыз! El.kz сайтының редакциясы Сіздің көңіліңізді көтеру үшін Чемпионаттың бірінші жартысында болған қызықтарды бөлісуді жөн көрді. 


"Өзі болмаса да, көзі болсын" 

Ресейде өтіп жатқан Әлем Чемпионатын тамашалауға бірге бармақ болған досын сүйіктісі жібермей қойса да, мексикалық жігіттер амалын тауып, оны өздерімен ала келген. Бұл оқиға жайды оқыған әлеуметтік желі қолданушылары еріксіз езу тартты. Себебі олардың досы картоннан жасалған болатын. 


(Сурет: facebook.com/IngueSuMatrushka) 


Мексика азаматтары аяқ асты ойынан айнып қалған досы Хавьердің суретін өңдеп, оны картон қағазға шығарып, өздерімен ала келген. Тіпті жейдесіне "мені "кемпірім" жібермей қойды" деп жазуды да ұмытпапты. Көп адамның реакциясынан кейін жігіттің сүйіктісі де ұялса керек, ақыры оны Әлем Чемпионатына жіберіпті. Сабазың мәз. 


(Сурет: facebook.com/IngueSuMatrushka) 


Шұңқыр қалай “қала көркіне” айналды? 

Нижний Новгород қаласына Аргентина-Хорватия құрамаларының ойынын көруге келген хорватиялық жанкүйерлер жолдағы шұңқыр ішінде отырған суретті бөлісіп, көпті күлкіге батырды. 



(Сурет: pikabu.ru) 


Оны көрген аргентиналық жанкүйерлер де қаланың “көрнекі” жерінде фотоға түспеуді айып санаса керек. 



(Сурет: pikabu.ru) 


Бірақ коммуналдық қызмет жедел түрде шұңқырды бітеп тастап, қызық көпке созылмады.

 

(Сурет: pikabu.ru) 
 

Ресейліктер болса, шетелден келген жанкүйерлерге мұндай фотолармен көбірек бөлісулерін сұрап жатыр. Себебін түсінген де боларсыз… 

 

Мем “құрбаны” 


(Сурет: РИА Новости/Григорий Сысоев) 


Франция құрамасы мен “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы жартылай қорғаушысы Эрик Кантона өзінің Инстаграмдағы парақшасына “Неймардың стилі … спагетти аль денте (сөзбе сөз: толық піспеген спагетти)” деген жазбамен бразилиялық шабуылшы Неймардың жаңа шаш үлгісін келеке еткен сурет салған болатын. 

 


(Фото: instagram.com/ericcantona) 


Бұдан әзілқой әлеуметтік желі қолданушылары да қалыс қалмай, Неймардың шашына қатысты түрлі мемдер мен демотиваторлар жариялады. Бүл бразилиялық шабуылшыға ұнамаса керек, Сербиямен болатын ойын алдында ол шашын қысқартқан болатын. Бірақ сербиялық жанкүйер оған өзінше косплей жасап келіп, байғұс Неймар тағы күлкіге қалды. 

 



(Сурет: globallookpress.com / pikabu.ru) 


Кері эффект 

Испания мен Иран құрамаларының ойынын тамашалауға келгендердің арасында екі ирандық жанкүйер ерекше көзге түскен еді. Олар қолдарына “Әй, оператор, бізді түсірмеші, әйелдеріміз бізді іс-сапарға кетті деп ойлайды” деп ағылшын және орыс тілдерінде жазылған үлкен плакат ұстаған болатын. Өздеріңіз байқағандай бәрі керісінше болды. 

 



(Сурет: twitter.com/sportsru) 


Ресейлік жанкүйерлер де Бельгия мен Тунис матчына осыған ұқсас жазбасы бар (“Өтінеміз, бізді теледидардан көрсетпеңіздерші, әйелдеріміз бізді жұмыста деп ойлайды”) плакат ұстап келген көрінеді. 


(Сурет: interessant.ru) 

Ең ұқыпты жанкүйерлер 

Колумбия мен Жапония командаларының матчынан соң стадионды жинап жүрген жапон жанкүйерлердің видеосы әлеуметтік желілерде тез таралып, көп адамды таңғалдырды. 


(Сурет: Getty) 


Ал кейбір командалардың жанкүйерлері болса таңғалып қана қоймай, жапондардан үлгі алуды жөн көріпті. Олардың ішінде Сенегал, Колумбия және Сауд Арабия құрамаларының жанкүйерлері бар. 

 


(Сурет: twitter.com/Ultra_Suristic) 

 


(Сурет: twitter.com/tsunsan) 



(Сурет: twitter.com/Ultra_Suristic)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға