Жаңалықтар

Ала доп "аздырмайды": балаңызды футболға берем десеңіз...

Футболдың артықшылығы мен кемшілігі
Ала доп "аздырмайды": балаңызды футболға берем десеңіз...
17.01.2019 11:14 13110

Ұлының ала доптың артынан қуып жүргенін көрген кез келген әке «болашақ Роналду, Мессидің ізін жалғаушы» деп, үйірмеге жазуға асығатын болар. Бұл спорт ата-аналарды несімен қызықтырады екен? Футбол балғын спортшының қандай қырларын дамытады?

Футбол ата-аналарды несімен қызықтырады?

Бала 3-4 жасқа келгенде, ата-ана оны қандай спорт түріне беруге болатынына бас қатыра бастайды. Олардың таңдауы көбінесе футболға түсетініне күмән жоқ. Себебі, бұл спорт қазір «сәнге» айналды. Сол сән үшін әкесі мен анасы баласын доп қууға итермелейді.

Тағы бір үлкен себебі – қазір футболшыларды әлемнің ең бай адамдарының қатарынан көруге болады. Жақсы спорттық мансап баланың болашақта қаржылық жағдайын ретке келтіруіне көп септігін тигізбек. 

Футбол қандай балаларға сай келеді?

Бір сөзбен айтқанда – белсенді балаларға! Егер балаңыз бір орында отыра алмайтын болса, футбол ойыны оған дәл келеді. Ұлыңызды футбол секциясына апарғыңыз келсе, жаттықтырушылардың өзіндік іріктеу сынынан өтуі керектігін де ұмытпаңыз.

• Бұл жылдамдық пен спорттық дөрекілікті талап етеді. Егер бүлдіршіннің қимылы сылбырлау болса, басқа спорт бағытын таңдағаны дұрыс.
• Ептілік балаға туғаннан берілмесе, оны дамыту мүмкін еместігі айтылады. Ондай балалар – «бір мезетте екі жерден табылатындар». 
• Баланың дене құрылысы маңызды рөл ойнайды. Тіпті, бүлдіршіндерде де атлетті дене бітімі болуы мүмкін. Футбол дәл сондай «жүгермектер» үшін! Бұл ойын салмақ тастауға ешқандай көмек бере алмайды, сол үшін салмағында ауытпаушылық барлар үшін қиын соғуы ықтимал.  
• Қимыл дәлдігі мен үйлестіруші қабілет – кішкентай теңбіл доп қуушы үшін керек болады. 

Футбол командалық ойын, сол үшін экстраверттер – эмоционалды, ашық және импульсивті балалар алаңнан да, командадан да өз орнын табатынына күмән жоқ.

Футбол балғын спортшылардың қандай қырын дамытады?

Футболды жаныңыз сүйеді, балаңызды да секцияға апаруға дайын отырсыз. Алайда, 5 жасқа дейін оны арнайы үйірмеге жіберудің қажеті жоқ дейді мамандар. Оның бірнеше себептері бар:

•  Бүлдіршін ойын ережесін жетік түсіне алмайды;
•  Қарапайым әдіс-тәсілдердің өзін бойына сіңіре алмайды;
•  Жарақат алу қаупі жоғары, ерте жастағы жарақаттың еш қажеті жоқ;

Бала үш жаста бола тұра, допты керемет иегере білсе, әрі қарай әкесімен немесе достарымен ойнай бергені жақсы.

Балалар үшін футболдың пайдасы жеткілікті:

•    Бала физикалық тұрғыда дамып, аз уақыттың ішінде сүйек пен бұлшықет тіні беки түседі. 
•    Жаттығудың әртүрлілігі барлық бұлшықет тобына жұмыс артып, кешенді физикалық жүктеме салады. 
•  Команда баланың жеке тұлға ретінде тануына да көмегін тигізбек. Ол командаластарымен де, қарсыластарымен де өзі қарым-қатынас орнатуға тырысады. Қоғамда өз орнын табу үшін де көмегі зор. 
•    Бұл спорт түрі баланың психологиялық дамуына әсер етеді, ол терең ойлауды, әрбір қадамын есептеуді, басқа ойыншылардың іс-қимылын бағалап, жоспарлауды үйренеді. Балғын спортшы алаңда доп үшін күресуді, өмірде өз мақсаты үшін жанталасуды түсінеді. Футбол – ерік-жігерді жанитын керемет ойын түрі. 
•    Бала еңбексүйгіштігінің арқасында ғана жетістікке жете алады. Допты тез арада игеріп кетудің амал-тәсілі болмағандықтан, оған көп жаттығу керек болады. Сол қиындыққа төзген бала нақты жетістікке жете алады. 
•    Футболдың тағы бір артықшылығы маусым таңдамауында. Балғын спортшы жыл он екі ай сүйікті ойынын ойнап, жаз мезгілінде спорт лагерьлеріне бара алады. 

Баланы неге футболға беруге болмайды?

 Футбол жүзуге қарағанда, жарақатқа жақын спорт түрі. Әсіресе, енді ғана өз денесін басқаруды үйреніп келе жатқан балғын теңбілдопшыларға ауыр тиеді. 
 Жаттығулар физикалық тұрғыдан ғана емес моральді түрде шаршатып жіберсе, балаңызды басқа спорт түріне апарғаныңыз жақсы. 
 Футболдағы аз-маз жетістіктер оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға шығуға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде сабақ үлгеріміне кері әсер етпек. 

Баланы футболға қайда беру керек?

Сонымен, сіздің бүлдіршініңіз бес жасқа жетсе, футболмен айналысатын алғашқы орын таңдауыңыз керек. Ол үйге жақын орналасқан футбол үйірмесі, мемлекеттік БЖСМ, футбол мектебі немесе жекеменшік спорт мектебі болуы мүмкін. Таңдау аса қиын екенін түсінеміз. Мәселен, мемлекеттік секцияларда бір орынға он баладан таласып жатады.Ал коммерциялық мектептердің болашағы бар ма, жоқ па нақты айту қиын.

Балалары футболмен айналысатын ата-аналар міндетті түрде білу керек қағидалар бар:

•  Жаттықтырушы тек «жақсы» ғана емес, өз ісінің нағыз маманы, білікті спортшы мен педагог болуы керек;
•  Спорт мектебінде спортпен шұғылдану үшін барлық қауіпсіздік ережелері сақталуы міндетті;
•  Балғын спортшыларды жарақат алған жағдайда тез арада көмекке келетін дәрігерлер бақылауда ұстауы керек.

Егер сіздің ізбасарыңыз зерек және көпшіл болса, еш ойланбай футболға беріңіз. Алғашқы нәтижелер 7-8 жаста жетеді, ал оның алдындағы жаттығулар «үлкен» спортқа алғашқы қадам деп есептеген дұрыс.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға