Жаңалықтар

Бозоқ – өркениеттің алтын көпірі

Астананың шежіресі
Бозоқ – өркениеттің алтын көпірі
31.10.2017 10:00 15069

Көне өркениет пен ежелгі дәуір мәдениетін сабақтастырған Астана қаласының тарихы тым тереңде. Сонау Дешті-Қыпшақ заманында бой көтерген Бозоқ қаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың тікелей атасы, ал оның соңғы ұрпағы қазіргі Қазақстанның елордасы Астана» деп айтуы тегін емес.

Бозоқ қаласы туралы тарихи дереектерде «Ұлы Жібек жолы әркезде түрлі бағыттарда өтіп отырды. Бұл жолдары мен бұтақтар Еуразия кеңістігін ендік және бойлық бағыттарда бөлінді. Дала ірі су артериялары-Ертіс, Тобыл, Жайық, Еділ секілді өзендерді бір-бірімен байланыстыратын ұсақ  өзен бұлақтарға толы еді. Су мен көлдің көптігі, көкке толы өрістердің кеңдігі керуендерге барлық мүмкіндіктерді жасады» деген дерек бар.

Сарыарқаның керуен жолдарын зерттеушілердің бірі Ә.Х. Марғұлан. Жазба деректер мен өз зерттеулерінің негізінде ортағасырлық керуен жолдарының картасын жасаған болатын. Бұл картада Ұлы Жібек жолына Бетпақдала арқылы солтүстікке қарай өткен керуен жолдары белгіленген. Ол 4 басты жолды анықтады: Сарыарқаның ыңғайлы жолы ретінде Нұра өзенінің ағымын  белгілеуде болды, ол өзенді бойлай жүре отырып, Есіл өзенінің  жоғарғы және ортаңғы аңғарларына келесіз Есіл 500 км бойы ендік бағытта ағады, содан кейін тікелей солтүстікке бұрылып, толқындарын Солтүстік Мұзды мұхитқа қарай бағыттайды.

Дәл осы Есіл өзенінің аңғарында, Нұра мен Есілдің бір-біріне ең жақын орналасқан жерінде Бозоқ қалашығы орналасқан.

Бұзық қалашығы Есіл өзенінің сол жағалауындағы жайылымдылық жазықтықтағы Бұзықты көлінің шығыс жағалауында, Қараөткелден 5 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. «Қараөткел» топонимі Т.Р. Шангиннің (1816 ж) жол жазбаларында кездеседі және күні бүгінге дейін сақталған. Қалашық Нұра өзенінің Есілге ең жақын бұрылып келетін саласында орын тепкен. Осы жерге оларды 40 шақырымдық кеңістік бөліп тұрады. Екі өзен аралығында оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған кіші өзендер және көлдер жүйесі көптеп кездеседі. Бұл жер шаруашылық игерулер, әскери-стратегиялық плацдарм, ендік және бойлық бағыттағы керуен жолдарын бақылау тұрғысынан ерекше қолайлы болып табылады.

Бұзықты көлі жан-жағынан көлдермен өзен салаларымен қоршалған тұйық кеңістіктің орталық бөлігінде орналасқан. Көлдің солтүстігінен 5 шақырым жерде Есіл өзені, батысынан 7 шақырым жерде Есіл және Нұра өзендері бассейндерін қосатын Қозыкөш өзенінің бір саласы ағып өтеді. Қозыкөш өзеніне бірнеше атаусыз салалар  келіп құяды, олардың бірі көлдің оңтүстігінен 5 шақырым жерде. Кеңістік шығыс жағынан ірі көлмен шектеледі.

Көнекөз қариялардың мәліметтері мен Ақмола аймағы гидрографиялық ресурстар сипаттамасы бойынша тасқын уақыттарында Нұра мен Есіл арасындағы жерді су алып кетеді екен. Қалашық орналасқан  Бұзықты колінің шығыс жағалауы, яғни қазіргі Ильинка және Қаражар ауылдарының территориялары ғана су тасқыны кезінде құрғақ болып қалған. Су қайтқан уақытта бұл территория малға жайлы, көк шалғынды жайылымдарға айналатын. Көл суда жүзетін құстардың ұя салуына да ыңғайлы мекен еді. Жағалаудағы алқаптарда борсық, түлкі, қасқыр, қабандар көп кездесетін. Қыпшақтардың бұл жерді өздерінің қоныс тебуіне таңдағаны тегін емес.

Қазіргі уақытта Бозоқ қалашығы қалалық құрылыс аймағында қалып отыр. Астана қаласының ген. жоспары бойынша Астананың сыртқы айналым шеңбері Бұзықты көлінің арғы жағынан өтеді. Ескі қалашықтың территориясы Астананың негізгі «бас» осіне сәйкес келіп, қаланың  архитиктуралық құрылысына  сәтті енген: бұрынғы (Бозоқ), қазіргі (Ақ Орданың орталық алаңы), болашақ (университет  қалашығы).

Қазіргі картада  қалашықтың орналасу белгісі де тегін әрі кездейсоқ емес. Бұдан шығатын қорытынды,  қаланың пайда болуына, біздің ата- бабаларымыздың бұл мекенді қоныс ретінде таңдауына оның Еуразия кеңістігінің шығыс бөлігінің орталығында орналасуы ерекше ықпал етті. Бұл жер геостратегиялық фактор тұрғысынан алып қарағанда аса маңызды болып табылады. Мұнда сауда керуендері, сондай-ақ Еуразияның ежелгі тұрғындарының әскери-маграциялық жолдары қиылысады. Қараөткел сағасынан осынау лекті ұйымдастырып, бақылап отыруға болатын еді.

Ескерткіш үйінділері барлық далалық ескерткіштерге тән. Үлкенде алып, ештеңе жоқ. Аласалау жер үйінділері (биіктігі 0,6-1 м) шаршы қалыптағы тегіс жерлерді қоршап жатыр. Алаңдардың конфигурациясы ішкі олардың арқасында жақсы байқалады. Оларда қабырғалардан өтуге мүмкіндік беретін дәліз іздері кездеседі. Ескерткіштің батпақ ішінде орналасуы оның тың және тың игеру жылдары сақталып қалуын  қамтамасыз етті. Бірақ тың игерушілер мазарлардың кірпіштерін алып, пайдаланған. Өйткені ол мазарлардан калған кірпіштерді XIX ғ.б. И.П. Шангин көрген еді.

Келесі бір зерттеу еңбекте: «Бозоқтың тарихында оның тұрмысының 3 кезеңін байқауға болады. Ең ерте кезеңде үш махалладан тұратын  ескерткіштің орталық бөлігі саналған. Солтүстік махалланың құрылыс көкжиегін зерттеу аталмыш құрылыс бөліктерінің ерте ортағасырларда, VIII-IX ғғ. салынғанын аңғартады. Мекен Дала Жібек жолының  маңызды керуен жолдарын бақылап отырған қыпшақ сұлтанының  әскери ставкасы, әкімшілік резиденциясы ретінде пайда болды» деген дерек бар.

Бозақ қалашығы – Қазақстанның далалықаймағында осылай үлкен ауқымда зерттелген алғашқы ортағасырлық ескерткіш. Қалашықтың ашылуы мен зерттелуі Қазақстан аймағын ерте ортағасырларда қандай тайпалардың  мекендегені жөнінде сұрақтар қояды. Ерте ғасырларда VI-IXғғ. Қазақстан территориясына түркі тілді және монғол тілді тайпалардың ену кезеңі. Жазба деректер  бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде болған саяси және  этникалық  үрдістердің сипатын береді. Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орат Азияның жартығасырлық зерттелуі кезінде коптеген жазба деректер археологиялық дәйектермен дәлелденді. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып бөлінгеннен кейін әр мемлекеттің өз тарихы өз бетімен кеткені мәлім. Батыс Түрік қағанатының орталығы Жетісуда орналасты. Түркештер, қарлұқтардың елордалары ретінде Суяб, Тараз, Баласағұн қалалары белгілі.

Ал бұл кезде (VI-IX ғғ.) Қазақстанның далалық бөлігінде не болып жатыр еді? Археологиялық материалдардың саны өте аз. Жазба деректер бойынша, бұл жерлерді оғыздар, қыпшақ, құман, йемектер мекендеген. Ертістің оң жағалауын қимақтар жайласа, Арал мен Сырдария бойын оғыздар (ғұздар) жайлады. Сарыарқа қыпшақтардың отанына айналады.

Бұл этностың Сарыарқа далаларында пайда болуы Орталық Азия мен Түрік  қағанаттарының тарихына қатысты оқиғалармен байланысты. Түрік қағанатының екі жүзжылдық тарихының (542-744 жж.) басты оқиғалары қытай шежірелері мен ежелгі түрік руникасы арқылы белгілі.

Бозоқ қалашығы тұрғын үй өндіргіштік және мәдени құрылыстардан тұратын өте күрделі көп компанентті ескерткіш. Құрылымы бойынша ол әрқайсысы әр кезеңде пайда болған үш бөліктен тұрады. Ең ежелгісі - үш төртбұрышты алаңнан тұратын орталық белгі. Біз оларды «квартал» деп атадық, әрбір квартал шұңқыр мен қабырға тұрады. Алаңдардың ауданы орта есеппен 35x35 мқұрайды. Шұңқырларда  өтетін жолдардың орындары қалдырылған. Үш кварталдың негізгісі  солтүстік болып саналады. Ол ең ірісі болғанменен де оңтүстіктен бір-ақ кіреберіс орналастырылған. Оған оңтүстік және шығыс кварталдар жалғастырылған. Ескерткішті мерзімдеуде осы үш бөлікті жоспар мен «Бозоқ» сөзінің этимологиясы маңызды болды. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты.

Бүгінгі күні белгілі Еуразияның отрағасырлық қалашығының арасында мұндай үш бөліктен тұратын ескерткіштер кездеспейді. Бірақ осы жоба біз үшін өте үлкен қызығушылық танытанты жұмбақ болып табылады. Ежелгі түркі және монғолтілдес көшпелілердің билеушілері үшін негізгі кеңістік құрылымдар тән болды. Ешбір шенеунік немесе аристократ орталық орда белгіленгенше киіз уй тұрғыза алмаған. Бұдан кейін ғана әлеуметтік деңгейіне қарай  орналастырылатын болған. Құрылым үш бөлікке бөлінген: орталық – орда, оң жақ – үшік, сол жақ – бұзұқ. Ежелгі және ортағасырлық мемлекеттердің де әкімшілік құрылымы осылай бөлінген екен: шығыс иелік - бұзық, батыс – үшік, орталық – орда. Қазақ хандығының Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда болып үш жүзге бөлінуі де осыдан шыққан: Бозоқ қалашығының кварталдар орналастыруының  семантикасында  сөзсіз ежелгі көшпелі тайпалар резиденцияларының үшбөліктік идеялары салынған. Ұлы даланың мың жылдық тарихына  қарамастан топономикада ежелгі түрік терминдерінің сақталуы таң қалдырады. Бұл «Бұзықты» көлінің атауы. Дәл осы көлдің атауы мен «бозоқ» сөзінің этимологиясына қарап, біз археологиялық ескерткішті – Бозоқ қалашығы деп атадық.

«Бұзық» - түркі-оғыз термині, ежелгі түркі мемлекеттерінің әкімшілік құрылымның шығыс бөлігінің атауы. Мағынасына қарай түркі – оғыз термині «Бұзық» - енуші, бұзушы оқ немесе «Боз оқ» дейтін болсақ – боз түсті оқ дегенді білдіреді. Ежелгі түркі оқуы бойынша «Бозоқ» деп айту әлдеқайда дұрыс. Сан алуан өзгерістерге  түсе отырып, ежелгі ескерткіш Бұзық қалашығы деген атауға ие болады. Боз түркі сөзінің этимологиясы бірқатар ауыспалы семантикалық мағына береді, олардың ішінде: өңделмеген жер, тың, жусан деген мағыналар да бар.

Бозоқ қалашығының архитиктурасында түркі қағанаттарының ерлік дәурі кезеңінің ескерткіштері қорғаныс құрылыстарының жоспарларында сақталған. Олар: ішкі орлар мен сыртқы қабырғалар. Мұндай құрылымдар ерте түркі дәуіріндегі княздықтардың діни қоршау дуалдарына  ұқсас болып келеді. VI-VIII ғғ. Монғолия территориясында  атақты түріктерге қазіргі күні ішкі орлар мен сыртқы дуалдары бар тікбұрышты қоршаулар бейнесіндегі діни  «храмдар» тұрғызылған. Бұл ұқсастық Есіл бойында қыпшақ ордасының ерте дәуірде пайда болғаны дәлелдейтін бір айғақ. Оның топографиясында, жоспарында тіпті архитектурасында да тарихи отанды еске салатын ертедегі түріктердің көрінісі кездесіп отырады.

Қазба жұмысын жүргізген жылдары қорғаныс бекіністердің архитектурасы зерттелді. Археологиялық айғақтар мен жазба жазба деректердің негізінде бекініс жүйесі мен ортағасырлық орданың жалпы көрінісін қайта қалпына келтіру ұсыныстары алға тартылды.

VIII-IX ғасырларда пайда болған Бозоқ қалашығы X-XII ғасырларда өмір сүруін жалғастырған. Археологиялық деректерге жүгінер болсақ, қыпшақтар орларды қайта тазалаған, ішкі  алаңдарға топырақ тастап, үстіне саз кірпіш пен ағаштан үйлер тұрғызған. Алаңдардың ортасында киіз үйлер тұрған. Қазба барысында олардың негізі анықталады. Олар махаллалар арасына топырақ толтырып, үстіне алғашқы кесенелер мен минареттерді салған. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені ерте кезде далалық аймақтағы қалалар қасиеті орындар мен бабалар моласының айналасында қалыптасқан. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін сақталған (мысалы, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи және Мәскеудегі Кремль). Тұрғындар суару жүйесін ойлап тауып, қоныстарының айналасында егін еккен. Ол қазіргі қалашықты қоршап жатқан төмпешіктер түріндегі арықтар мен каналдар секілді болған.

Алтын Орда кезеңінде тән жерлеу орындары туралы ерекше айту керек. Олардың барлығы кездейсоқ табылды. Жерлеулердің үстінде ешқандай белгі жоқ. Барлық бейттерде толық қаруланған жауынгерлер жерленген. Мұндай бұйымдар табылған жерлеулер қыпшақтардың ақсүйектері жерленген бейіттер тобына жатады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға