Жаңалықтар

Ақкөл өңірінен шыққан жазушылар

Ақкөл өңірінің жер-су аттарын жазып, тарихи құнды да баға жетпес деректемелер қалдырған бірде-бір қаламгер жайлы жинақталған ой-пікірлер
Ақкөл өңірінен шыққан жазушылар
15.01.2018 16:47 4793

Жайық Бектұров

Жайық Бектұров саяси қуғын-сүргіннің азабын өз басымнан өткізіп, жазып кеткен жалғыз жазушы.
1912 жылғы 12 қазанда Ақмола уезінің Моншақты болысында қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданында туған. Ата қонысы Бұлақты, Дөңгелекқау. Кейін Сосновка селосы, Урюпинка совхозы орналасқан жер. Амангелді мектебінде, 1928 жылы Жүкен (Кеңес) мектебінде оқыған.
1947 жылы елге оралған. Бостандық алып шыққан соң отыз жетінші жылдың құрбандарына арнаған “Айыбы не абзал ағаларымның?” атты мақаласы шыққан.
Ж. Бектұровтың түрмеден кейінгі тірлігі ауыр болған. Саяси сенімсіз адам санап, ешкім жұмысқа қабылдамаған. Талдықорғанда газет редакторы Жүсіп Алтабаевтың көмегімен жұмысқа орналасады. Бірақ облыстық партия комитетінің хатшысы Шолақ деген “сотталып келген халық жауын неге партия газетіне аласыңдар” деп жұмыстан шығарып жібереді. Орталық комитетке бірнеше рет арыз жазып ақталады Прокурор әйел газетке мақала жазып, “Жайық Бектұров деген неткен қайратты адам. Қанша тергесе де жоқ деп қанша жауап беріп, ешкімге де қиянат жасамапты” деген.
Жайық Бектұровтың өмірінің кейінгі кезеңдері Қарағандыда өткен. 1957 жылдан бастап газетте әдеби қызметкер болып орналасады. 1958 жылы Ғабит Мүсрепов Қарағандыға келгенде жазушылар Одағының Петропавловск, Жезқазған, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары бойынша бөлімшесінің бастығы етіп тағайындап кетеді. Осы қызметте 40 жыл істеген. Жұбайы Жаукен Жақияқызы екеуі төрт перзент көрген. Жеке басынан уайым қайғы – қасырет кетпеген ағамыз біренен соң бірі қайтыс болып кеткен үш ұлының да қызығын көре алмаса да жасымаған. Артында жазған мәңгілік өшпес мұрасы “Енеден айырылған төл секілді”, “Жол жоралғысы” атты публицистикалық очерктері мен “Төгілген ар” романы қалды.

Толғау

Жайық Бектұров Ақмола – Ақкөл өңірінің жер-су аттарын жазып, тарихи құнды да баға жетпес деректемелер қалдырған бірде-бір қаламгер. Өз сөзімен айтатын болсақ: «Ақмола мен Бұрабай арасындағы сұлу табиғи аймақты бұдан былай бүлдірмей, суын суалтпай, құмын басқа жаққа тасытпай, орман-тоғайын отатпай, аспанын түтінге тұншықтырмай мемлекеттік қорық жасап, күллі қоғамымыз болып қамқорлыққа алсақ, болашағымыздан үміт үзбей, келешегімізге қымбатты мұра қалтырған болар едік» дегенді. Онысы қоршаған орта – табиғатты қорғайық дегені емес пе! Жерімізді сақтайық дегені емес пе! 1828 жылы саяхат шеккен орыс офицері Мейендорф «Қазақ елі жерінің, суының, тауларының, орман-тоғайларының аттары, әр маңның табиғи көріністері мен қадір-қасиеттеріне дәлме-дәл келеді екен, қазақ халқы жер-суға ат қоюға келгенде аса білгір, өте тапқыр екен» деген. Басқа ұлт өкілін осылай таңқалдырғған топонимикалық, ономастикалық атауларымызды ұмытпайық дегені емес пе! Олай болса, біз оны неге ұмытуымыз керек!!

"Ертерек өмірден өткен ғұламалар, батырлар сыншылардың, аруақты адамдардың мүрделері аяқсыз қалмасын, белгі орнатылсын деп аңсаған еді ол.
Кінәсіз сотталып ақталғанымен, заман зұлматының кесірінен өз елінде анадан айырылған төл секілді сезініп арманда кеткен Жайық Бектұровқа туғанына 100 жыл толуына байланысты өзі оқыған Амангелді мектебіне атының берілуін қалаймын!"- деген ұсыныстар бар болғанды.
 

Казыкен Төрежанов

"Казыкен Төрежанов родился в 1976 г. в ауле Енбек Сталинского р-на Акмолинской области. Учился в аульных школах, в 1932 году, поступил в Омский казахский педагогический техникум. После окончания второго курса Казыкена приняли на подготовительное отделение Петропавловского института. В 1935 году поступил на факультет языка и литературы КазПИ им. Абая. Первые рассказы молодого писателя повявились в республиканской пионерской газете. «Октябрь балалары», а в журнале «Вожатыйға көмекші» (В помощь вожатому) отрывки из его повести «Нұрыш». Положительно была воспринята повесть молодого прозаика «Қанды кек» («Кровавая месть», опубликованная в №10, Әдебиет майданы) за 1939 год. В 1939 году успешно закончил институт и был оставлен в аспирантуре. Осенью был призван в ряды Красной Армии. Когда началась война, он служил в Поволжье. Младшего лейтенанта К.Торежанова направили под Москву, где в середине октября 1941 года пал смертью храбрых. У Казыкена Торежанова было много друзей. Среди них Қ. Сатыбалдин, Сағынғали Сеитов, Т. Альмуханбетов, Ж. Қонақбаев, Н. Нұржанов. У Капана Сатыбалдина есть стихи, посвященные К. Торежанову. Талантливый казахский писатель Казыкен Торежанов обрел бесмертие в боях с фашизмом. Имя его значится на мраморе вечной памяти в Союза писателей Республики 23-м в списке"- деп жазады өз жазбаларында Владимир Гундарев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға