Жаңалықтар

Есте сақтау қабілетін арттыратын 7 жаттығу

Жақсы жад ешкімге зиян келтірмейді...
Есте сақтау қабілетін арттыратын 7 жаттығу
01.02.2018 11:36 19643

Нейробиологтар үшін «менің есте сақтау қабілетім нашар» деген сөз «мен фитнес-залына бармаймын, сол үшін де толықпын» деген мағынаны білдіреді екен. Біздің жадымыз «бұлшықет» тәрізді. Оны жаттықтыру арқылы біз 80 жаста да 20 жастағыдай есімізді жақсы сақтай білеміз. Жадымызды жақсартуға көмектесетін 7 жаттығуды жасап көрелік.

Оғаш зообақ

Сіздің алдыңызда әртүрлі жануарлар, жәндіктер тағы басқа тірі организмдер. Сіздің барлығымен танысу үшін бар болғаны бір минутыңыз бар. Уақыт өткен соң, суретті алып тастаңыз...

Енді, жоғарыдағыларды алфатит ретімен жазып шығыңыз.

Көк белдемше мен бантик

Таныс болыңыз, бұл Мария, Бибиана, Мерседес, Хуана. Бізге жат есімдер болса да, осы қыздармен толық танысып алыңыз. Олардың киіміне, заттарына асықпай 90 секунд қарап алыңыз. Есімдерін есте сақтауды ұмытпаңыз. Уақыт өткен соң, суретті жоғары жіберіп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Кімнің көк бантигі бар, Марияның ба, Бибиананың ба?

2. Көк етік киген қыздың есімі кім?

3. Қай қыздың бұршақ костюмі мен кекілі бар?

4. Қай қыздың мысығы бар, Хуананың ба, Бибиананың ба?

Есте сақтау минуты

Төменде адамдардың есімдері мен олардың өмірлерінде болған маңызды оқиғалардың күні жазылған. Оларды үш рет оқып шыққан соң, есіңізде не қалғанын жазып шығыңыз...

1. Арслан мен Клара 1976 жылдың 17 шілдесінде үйленді.

2. Сара 1987 жылдың 12 мамырында дүниеге келді.

3. Азамат 2013 жылдың 21 маусымында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

4. Сэм 2018 жылдың 25 ақпанына керемет оқиға дайындап отыр.

Ақ Бим мен Қара құлақ

Мына жануарлардың лақап аттарын оқып, жаттап алуыңызға 30 секунд беріледі. Уақыт өткен соң, суретті жауып, қайсысының аты қандай екенін айтып көріңіз.

Тарих жазамыз

Төмендегі тарихқа белгілі тұлғалардың аты-жөндері мен туған жылын қарап шығуға 90 секунд беріледі. Уақытыңыз өтсе...

біз олардың есімдері мен туған жылдарын ауыстырып тастадық. Енді, әр қайсысының өз жылдарын тауып көріңіз. Сығалауға болмайды.

Кеңес заманындағы кілем

Төмендегі кеңес заманындағы кілем секілді суретке көз жүгіртейік. Бұл шаршыларға есіңізде сақтағанша қарап алсаңыз болады. Енді картинканы алып тастап, төмендегі бірнеше сұраққа жауап беріңіз.

1. Үш жапырақты қанша гүл көрдіңіз?

2. Барлығы қанша қара гүл бар?

3. Артық элементтері жоқ, неше бес жапырақты гүл бар екен?

Тек қана криптография, тек қана хардкор

Жоғарыдағы жаттығуларды оңай жасасаңыз, бұл жолы анық «терлеуіңізге» тура келеді. Мына жұмбақ шифрларды есте сақтауыңыз үшін 2 минут беріледі. Уақытыңыз өтсе, төмендегі 3 сөзді тауып көріңіз. Өзіңіздің жадыңыз үшін жасалып жатқандықтан, қарап, сығалап көруге қатаң тыйым салынады.

Дайын болсаңыз, бастайық!

Сіз барлық жаттығуды артқа тастадыңыз. Өз нәтижеңізге көңіліңіз толмағаны анық. Ендеше, есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін бірнеше кеңестер бермекпіз.

Аңғарымпаз болыңыз, спортпен шұғылданыңыз. Көп қолданатын заттардың орнын ауыстырмауға тырысыңыз. Ән айтыңыз, тамақ мәзірін түсіндіріңіз. Әр түрлі идеялар ойланып жүріңіз.

Дереккөз: "Память не изменят" кітабы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға