Жаңалықтар

Әзірбайжан асханасы таныстырылды

Әзірбайжан асханасы таныстырылды
12.11.2019 16:38 4180

Өскемен қаласында Достық үйінде жергілікті әзірбайжандар аста төк дастархан жайып, келушілерге өз ұлттық тағамдарын ұсынды.

Әзірбайжан асханасы таныстырылды

Әзірбайжандардың ұлттық асханасын таныстыру шарасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тарихи мұрасы» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. 

Әзірбайжан асханасы таныстырылды

Ежелгі ұлттардың бірі болып саналатын әзірбайжандардың ұлттық тағамдары да жоғары талғаммен, көбінесе ет қосылып әзірленеді. Қонақ – дастарханның көркін келтіреді дейтін әзірбайжандар достық үйіне бас сұққан жандарды үлкен құрметпен қарсы алды. Бұл шараға барлық қалалықтар қатыса алды. Сондай-ақ, олардың әзірбайжандардың тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық құндылықтарымен танысуына да мүмкіндік берілді. Жиналғандарға долма, кәуап, палаудың түр-түрі және тіскебасар тәттілер ұсынылды.

Әзірбайжан асханасы таныстырылды

 Ұйымдастырушылар әр тағамның жасалу жолдарын баяндады. Көз тартар әсем ұлттық киім киген мың бұралған бишілер, дауысы зор әншілер қонақтарды баурап алды. Қатысушылар арасында сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.

 

 

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға