Жаңалықтар

Жезқазған театры әскери тұтқындарға арналған лагер жайлы қойылымды көрерменге ұсынды

Жезқазған театры әскери тұтқындарға арналған лагер жайлы қойылымды көрерменге ұсынды
04.03.2019 06:20 2902

Халықтар достығы орденді К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында Алғыс айту күні аталып өтті.

«Өз тарихыңды ұмытпа және оны мақтан ет» негіздемесінің аясында өткен атаулы шарада жергілікті қымыз бен құрт өндірушілердің, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспонаттарының «Ұлы Даланың жеті қыры», саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының «Зұлмат жылдар жадымда» көрмелері ұйымдастырылды.

Сондай ақ, театр холлында Достық үйінің шығармашылықты дамыту шеберлік сабақтарында этномәдени бірлестік өкілдерінің жасаған «Ұлы Дала әнұраны» атты киіз бұйымдары да халыққа ұсынылды.
«Жер аударылған отбасының сол бір зұлмат жылдардан айтары бар. Үлкендеріміз бізге бір үзім нанның қадірі мен татулықтың, мейірімділіктің мәнін ылғи айтып отыратын. Біз мұны жадымыздан әсте шығармаймыз. Қазақ еліне мың алғыс айта отырып, мемлекетіміз биік мұраттарына жете берсін деймін. Ал кейінгі толқын жастар бейбітшілк пен келісімді көздің қарашығындай сақтасын дейміз»,- дейді «Понтос» грек орталығының төрайымы Деспина Касапиди.
Бұл күні ұлттық киімдерін киіп, бірін-бірі құшағын жая құттықтап жатқан этностар мен қонақтар Юнеско Клубтары Қазақстан Ұлттық Федерациясының Қарағанды облысындағы жергілікті мектебінің үздік сурет жұмыстар көрмесін тамашалады. Бір ерекшелігі, көрме аясында мольбертте аяқталмаған сурет пен қылқалам, бояулар қойылды. Қонақтар аталмыш суретке өз үлесін қосып, жұмысты жалғастырып жатты. Аяқталған сурет «Достық» композициясымен мерекенің мерейін асырған қаламыздағы «Балақай» бала бақшасының кішкентай өнерпаздарына сыйға тартылды.

Шараның екінші бөлімі Ғалым Жайлыбай поэмасының желісімен қойылған Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған театрының «Қара орамал» спектаклімен жалғасты. Әскери тұтқындарға арналған Қарағанды лагері жайлы баяндайтын қойылым көрерменге ерекше әсер етті.
Спектакльден соң сөз алған шешен-ингуш орталығының төрағасы Увайс Джанаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, қойылымды сахналаған режиссер мен Серке Қожамқұлов атындағы театр ұжымына алғысын білдірді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ 350-ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

ҚАРАҒАНДЫДА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» АШЫЛДЫ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 3 ЖЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға