Жаңалықтар

Жастарды тіл үйрену үшін ауылға жіберу керек!

Жастарды тіл үйрену үшін ауылға жіберу керек!
14.12.2019 19:41 2278

Владимир Чепель, Алматы облысы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы:

Мемлекеттік қызметкермін. Қазақ тілін кішкентай кезімнен білемін. Меніңше, бәрінің жүрегінде қазақ тілі бар. Тек оны ояту керек. Ауылдық аймақтарда қазақ тілін бәрі біледі. Және қазақ тілінің деңгейіне байланысты мәселе жоқ. Ал қалаға келсең, мұнда мәселе бар екенін көресің. Қалада жастар қазақша сөйлеспейді. Жұмыс барысында маған екі ақсақал келді. Олар менің түріме қарап, сөздерін орысша бастады. Мемлкеттік қызметте қай тілде сұраса, сол тілде жауап беруің керек. Сондықтан орыс тілінде жауап бердім де, «құрметті ақсақалдар, қазақ тілінде сөйлессек қалай болады?» деп сұрадым. Олар қуанып кетті. «Балам қазақ екен ғой» деп жатыр. Мұндай мақтанға масайрап, тіпті жүрегің жылынып, біразға дейін ішкі буың басылмай тұрады. Сондықтан қазіргі жастарды екі-үш айға ауылға жіберсе, ауылда тілдің, діннің сақтаушылары болып отырған ақсақалдардың оларға үйретері көп болар еді деп ойлаймын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға