Жаңалықтар

Ж.Түймебаев Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Ж.Түймебаев Мәжіліс депутаттарымен кездесті
29.01.2020 17:21 2592

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚХА депутаттық тобының мүшелерімен кездесті.

Ресми кездесуге Мәжіліс депутаттары В.Божко, Н.Микаелян, Р.Ким, Н.Жұмаділдаева, Ш.Нұрұмов, А.Мұрадов, Ш.Хахазов, Ю.Тимощенко қатысты.

Кездесу барысында ҚХА депутаттық тобының өткен жылы Парламент Мәжілісі қабырғасында атқарған жұмыстары талқыланып, елдің әлеуметтік-мәдени әлеуетіне байланысты мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы осы жылы аталып өтілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылатын мерейтойлық шаралардың халықтық сипат алуының маңыздылығына тоқталды. Және алдағы уақытқа жоспарланып отырған Ассамблеяның XXVIII сессиясының жұмысы туралы айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға