Жаңалықтар

Украин халық шығармашылығының IV халықаралық фестивалі өтті

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті
28.10.2019 11:37 4146

Нұр-Сұлтан қаласындағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында украин халық шығармашылығының IV халықаралық «Ми разом, ми одна сім’я!» фестивалі өтті. Фестиваль аясында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі және жастардың «ХХІ ғасыр жастары – объективте» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Рада украинцев Казахстана» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері, Қазақстандағы Украина елшісі И.Кулеба және басқа да мемлекеттік органдар мен шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА мүшелері қатысты.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Жансейіт Қансейітұлы халықаралық фестивальдің ашылуымен құттықтап, бүгінгі таңда еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің ортақ құрылымы болған, азаматтық қоғамның ерекше институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттар мен ұлыстардың алтын діңгегіне айналғанын айтты. «Тарихи тағдыры ортақ түрлі ұлт өкілдері тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қаласуда. Олардың арасында басқа этностардың барлығымен терезесі тең украиндықтар да бар. Сол үшін де Сіздерге алғыс айтамын!», - деген Жансейіт Түймебаев қазақ-украин достығының тереңнен тамыр тартатынын айтты. 

Шығыс славяндары мен түркітілдес тайпалардың одағынан басталған бұл алыс-беріс, барыс-келіс қатынасының орнағанына мыңжылдықтардың сырын сақтаған тарих куә. Украиндердің тілдік қолданысындағы «қаймақ, қобза, қауын, тұман, майдан, түтін» сөздерінің қазақ тілінің сөздік қорында да кездесуінің сыры осында. Украин тілінде мұндай 4000-ға жуық түркі сөзі бар.

Жансейіт Түймебаев қазақ-украин қарым-қатынасының негізі ежелгі түрік пен шығыс славян мыңжылдықтарында салынғандығына тоқталды. «Бүгінде бұл достық Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы есімімен де тығыз байланысты. Себебі, оның кәсіби тұрғыда қалыптасуы Украинаның Каменское қаласымен де байланысты», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Жансейіт Түймебаев сондай-ақ, ел дамуына елеулі үлес қосқан бірлестік мүшелері мен жастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапаттады. Олардың ішінде Жамбыл облысының «Днепро» мәдени бірлестігінің төрағасы Ф.Клименко, «Остров Dance» халықтық хореографиялық ансамблінің жетекшісі С.Привалова, «Қазақстан украиндерінің радасы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі А.Тимошенко-Боровикова, Маңғыстау облысы бойынша «Т.Шевченко атындағы украиндардың ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Лесниченко, «Украиндардың Қостанай облыстық қауымдастығы» бірлестігінің «Лира» вокал тобының жетекшісі Л.Фролова, «Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Л.Хамрачева, Ақмола облысы бойынша «Мираж» халықтық би ансамблінің жетекшісі В.Бакшеев, «Оберег украиндер қоғамы» бірлестігінің төрағасы Т.Ширмер, Ақтөбе облысы бойынша «Оксана» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Долженко, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Жіноча Громада» қоғамдық бірлестігінің төрайымы И.Воловик болды.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Сондай-ақ, «Рада украинцев Казахстана» қоғамдық бірлестігің төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ю.Тимощенко, Украинаның Қазақстандағы елшісі И.Кулеба құттықтау сөз сөйледі.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Фестиваль украиндардың ұлттық биімен, әнімен басталды. Достықтың нышаны ретінде сахнаға дәм-тұз алып шыққан украин бойжеткендері екі елдің татулығын, халықтардың ынтымағын дәріптеді. Сахна төрінде украин бірлестіктерінің жастарымен қатар, қарттары да өнер көрсетіп, қазақ тілінде ән шырқады.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Сондай-ақ, мұнда украиндардың мәдениеті ғана көрініс таппай, ұлттар татулығының айғағы ретінде Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың да өнерінен базарлық ұсынылды.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Айта кету керек, «Ұлы дала еліне» табаны тиген алғашқы украин өкілдері 1768 жылы басып-жаншылған гайдамацк қозғалысының Солтүстік Қазақстанға айдалған қатысушылары болатын. Кейін Столыпин ауылшаруашылығы реформасына, Сібір теміржолының салынуына байланысты Қазақстан жеріне көшіп келуші украиндардың қатары көбейді. Әсіресе, кеңес кезеңінде ұжымдастыру саясатына байланысты Қазақстанға украиндар отбасыларымен көшіп келе бастады. 

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

1939 жылдары Қазақстанға 100 мың украин көшірілсе, соғыс жылдарында 203 мың украиндық депортацияланған. Бүгінде Қазақстанда 300 мыңға жуық украин ұлтының өкілдері тұрады. Олар елдің экономикалық-саяси, әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазақстанның барлық аймақтарында украиндардың этномәдени бірлестіктері құрылып, жұмыс жасауда. 

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Алғашқы этномәдени бірлестік осыдан 30 жыл бұрын 1989 жылы құрылған. Оның негізін әлемге танымал украин ғалымы, түркітанушы, профессор Александр Николаевич Гаркавец қалады. Ал 2005 жылы құрылған «Рада украинцев Казахстана» бірлестігі мұндай бірлестіктер мен орталықтардың басын біріктірді. Бүгінгі таңда оған елге белгілі қайраткер, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ю. Тимощенко басшылық етеді.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Украин тілінен факультативті түрде астаналық «47 мектеп-гимназия мен балабақшада» дәріс беріліп келеді. Сондай-ақ, украин этномәдени бірлестіктерінің жанында жексенбілік мектептер жұмыс жасауда. Аймақтарда мұндай 5 жексенбілік мектеп бар. Әрбір орталықта жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар құрылған.

Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

 Украин халық шығармашылығының  IV халықаралық фестивалі өтті

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға