Жаңалықтар

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы Үлкен Гала-концертпен аяқталды

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы Үлкен Гала-концертпен аяқталды
22.12.2019 17:09 2635

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылының салтанатты жабылуына арналған Гала-концерт өтті.

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы Үлкен Гала-концертпен аяқталды

Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында өткен гала-концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Бахтиёр Сайфуллаев қатысты.

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы Үлкен Гала-концертпен аяқталды

Концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов, Медет Шотабаев, Ардақ Балажанова, Батыржан Мықтыбаев, Әлішер Кәрімов, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы Үлкен Гала-концертпен аяқталды

Айта кетерлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Жылының жабылуы аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті мен танымал Ә.Қастеев музейінің арнайы көшпелі көрмесін ұйымдастырған болатын.

Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы Үлкен Гала-концертпен аяқталды

inform.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға