Жаңалықтар

Өскемендегі Достық үйіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар орнатылған пандустың арқасында емін-еркін кіре алады

Өскемендегі Достық үйіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар орнатылған пандустың арқасында емін-еркін кіре алады
29.07.2019 11:44 2914

Мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділік мәселесі қазіргі уақытта маңызды және өзекті тақырыптардың бірі саналатыны жасырын емес. Бұл орайда Өскемен қаласындағы Достық үйі бұл сұрақтан шет қалмады.

«Қолжетімді Өскемен» бағдарламасы аясында Достық Үйінің басшылығы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустың құрылысына бастамашылық жасады. Оның жайлылығын тексеру мақсатында арнайы рейд өткізілді. Тексерістің басты «кейіпкері» – ШҚО ММ «үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» Басқармасының маманы Әлия Кенченбаева.

Өскемендегі Достық үйіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар орнатылған пандустың арқасында емін-еркін кіре алады

«Маған ыңғайланған жеке кабинетім мен жұмыс орным (пандус, кіреберіс жолдар, сан торап) қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұл орайда Достық үйінің ғимараты да жайлы да ыңғайлы етіп салынуда. Әртүрлі санаттағы адамдар Достық үйіне көптеп келеді, себебі мұнда қала мен облыстық деңгейдегі түрлі іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Мені іс-шараларға бірнеше рет шақырды, бірақ өкінішке орай, мен пандус пен жоғары қанаттың болмауы салдарынан көп жерлерге бара алмаймын. Ал Достық үйіндегі пандусты жеке басым сынай келе, оның өз-өзіме қаншалықты ыңғайлы, қауіпсіз екенін сезіндім, бұл орайда өз ұсыныстарым мен тілектерімді де білдірдім. Енді МГН-ға қатысты тұлғалардың өмірі де сан мәрте жеңілдей түседі деген кәміл сенім бар»,- деді Әлия Раисқызы.

Естеріңізге сала кетейік, бір айға созылған пандустың құрылысы 30 шілдеде аяқталып, пайдалануға беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға