Өскеменде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» облыстық фестивалі өтті

10.12.2019 296

Өскеменде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» атты облыстық фестиваль өтті. Айта кетейік, аталмыш жоба Қазақстанның рухани құндылықтарын жаңғыртуға және еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға бағытталған.

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» бағдарламаның жүзеге асуына жыл көлемінде белсенді ат салысты. Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы әрбір ұлт өкілінің мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуде айтулы іс-шаралар ұйымдастырылды.

2019 жылы атқарылған іс-шаралар қатарында Сабантой, «Иван Купала» облыстық фестивалі, «Беловодье» орыс ұлтының фольклорлық фестивалі, Корей мәдениетінің халықаралық фестивалі, «Асыл Мұра» қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық көрмесі, «Бабалар мұрасы» халық ауыз әдебиетінің фестивалі бар.

Жоғарыда аталған іс-шаралар қоғамдық санаға оң әсер етіп, этносаралық қатынастарды үйлестіруге ықпал жасады. Азаматтардың патриоттық сезімдерін нығайтып, рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттады. Достық үйі «Рухани жаңғыру» жобасын табысты іске асырып, жыл көлемінде жақсы нәтиже көрсетті. Соның нәтижесінде «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болашағы» атты облыстық фестиваль қорытындысы бойынша Достық үйдің басшысы Элдар Төлеубеков қажырлы еңбегі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Ұқсас материалдар