Жаңалықтар

СҚО-ның басты жоғарғы оқу орнында армян мәдениетінің күндері аталып өтті

СҚО-ның басты жоғарғы оқу орнында армян мәдениетінің күндері аталып өтті
09.12.2019 10:30 2454

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының этномәдени бірлестіктермен бірлесіп жүзеге асыратын «Ұлттық мәдениет күндері» жобасы студенттер мен оқытушылар арасында кеңінен танымал.

СҚО-ның басты жоғарғы оқу орнында армян мәдениетінің күндері аталып өтті

«Кентрон» армян мәдениетінің орталығы» қоғамдық бірлестігі армян халқының мәдениетіне арналған экскурс өткізді. Іс-шарада сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі және меркелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Армян тілінде өлеңдер мен әндер орындалды.

СҚО-ның басты жоғарғы оқу орнында армян мәдениетінің күндері аталып өтті

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, армян этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Светлана Малхасян армян халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелесе, ал ұлттық армян билері мереке қонақтарын рухтандырып, ерекше жақсы көңіл күйге бөледі.

Алда студенттерге арналған дәрістер өтпек. Онда армян орталығының өкілдері өз жұмыстарын, қызықты жобалар мен іс-шаралар туралы айтып, армян халқының мәдениеті, тарихы, дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен егжей-тегжейлі таныстырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға