Жаңалықтар

Қостанайлық белгілі ақын Санкт-Петербург қаласының зиялы қауымымен кездесті

Қостанайлық белгілі ақын Санкт-Петербург қаласының зиялы қауымымен кездесті
10.09.2019 18:17 1828

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, жазушы, ақын Александра Суслова «Невский альманах» журналының редакциясында шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Александра Ильиничнаның туындылары аталмыш журнал беттерінде үш рет жарияланған  және оның ақындық шеберлігіне тәнті болған басылымның бас редакторы Владимир Скворцов қазақстандық қаламгерді Санкт-Петербург қаласына шақырып, шығармашылық кеш ұйымдастырды. 

«Владимир Степанович маған тек таңдаулы авторлар жиналатынын айтты. Атап айтатын болсам, ақын, қаламы ұшқыр жазушы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, БҰҰ сарапшылар тобының мүшесі Александр Ковалев, көрнекті жазушы, Санкт-Петербургтің сәулет кітаптарының авторы Юлия Лапина келді. Ол маған өзінің кітабын сыйға тартты. Өнер десе ішкен асың жерге қоятын осындай тұлғалармен танысқаныма қуаныштымын», - дейді ақын.

Қостанайлық белгілі ақын Санкт-Петербург қаласының зиялы қауымымен кездесті

Ақынмен кездесуге 25 адам жиналды. Іс-шара барысында туындылардың жазылу тарихы, жаңашыл бағыттар, Қазақстан туралы сөз қозғалды.  

«Мен саясатқа қатысты мәселелерді талқылаудан бірден бас тарттым. Туған жер, Отан тақырыбына тоқталуды жөн көрдім. Ресей менің тарихи отаным болса, Қазақстан менің екінші Отаным. Қазақстан мен Ресей мен үшін егіз ұғым, менің бұл жерлерге деген махаббатымды сөзбен жеткізу мүмкін емес», - дейді қаламгер.

Александра Ильиничнаның келесі жыр жинағы жыл соңында жарық көрмек. Қаламгер поэзияны насихаттау мақсатында А. Пушкиннің өлеңдері басылып шыққан ресейлік баспадан қостанайлық авторлардың туындыларын шығаруды жоспарлап отыр. 

Қостанайлық белгілі ақын Санкт-Петербург қаласының зиялы қауымымен кездесті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға