Жаңалықтар

Оралда еріктілер Орталығы ашылды

Оралда еріктілер Орталығы ашылды
10.01.2020 11:45 2516

Оралдағы Достық үйінде еріктілер орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Батыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан орын тепкен орталыққа белсенді еріктілер көп жиналды.

Оралда еріктілер Орталығы ашылды

Енді орталықтың есігі барлық ерікті көмекшілер үшін ашық. Бүгінгі таңда еріктілер базасында 500-ге жуық адам тіркелген. Олардың басым көпшілігі - өз бастамасы бойынша еріктілер қозғалысының орталығына өтініш білдірген және өз деректерін қалдырған тұрғындар. Олардың арасында жастар ғана емес, сонымен қатар демеушілік көмек көрсететін кәсіпкерлер, коммерциялық ұйымдар да бар.

Оралда еріктілер Орталығы ашылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысының орталықтары ҚХА-ның біртұтас жалпыреспубликалық жүйесін қалыптастыру және этномәдени бірлестіктерді, азаматтық қоғам институттарын еріктілікті дамытуға тарту үшін әр өңірдегі Достық үйлерінің негізінде құрылуда.

Сонымен қатар, бұл - Ассамблея жастары бастамаларының бірі ғана. Өңірде волонтерлер қозғалысы қарқын алып келеді. Бүгінде әлеуметтік саланың әр бағытында еріктілер қызмет етіп, қол ұшын созуда. Олар экологиялық акциялардан бастап, қарияларға қолдау таныту, жануарларды қорғау мен қайырымдылық істерге атсалысады.

Оралда еріктілер Орталығы ашылды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға