Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында «From kz» халықаралық жастар форумы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында «From kz» халықаралық жастар форумы өтеді
20.11.2019 16:14 1999

22 қараша күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Тұңғыш Президент аудиториясы, №208, Қ. Сәтбаев көшесі, 2 ғимарат) Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «FROM KZ» халықаралық жастар форумы өткізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Іс-шара мақсаты – жастарды біріктіру, қазақстандық патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу, пайдалы еңбекке, кәсіпкерлікке ынталандыру.

Форум Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Жастар жылын қорытындылау мақсатында өтеді. Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ. Түймебаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Ресей, Башқұртстан, Қырғызстан мемлекеттерінің белсенді жастарының, елордалық этномәдени бірлестіктердің жастар қанатының өкілдері қатысады.

Секциялық отырыстар бойынша белгіленген: «Бизнес & Jastar», «Молодежь – стране, страна – молодежи», «Jastar       Культура и спорт».

Форум модераторлары мен спикерлері – Қазақстанда және шетелде танымал жас бизнесмендер, халықаралық жастар қозғалысының көшбасшылары, танымал мәдениет және спорт қайраткерлері. Спикерлер табысқа жетудің жеке тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді. Диалог еркін форматта өткізіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Халықаралық жастар форумына арналған автожарыс 9.45-те Достық үйінен басталып, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің бас корпусына дейін жүреді.     

Пленарлық отырыс – 11.00 –13.00

Секциялық отырыс – 14.00 –16.00                                               

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі:

Тел.: Балгүл Мәмен + 7 778 873 57 99

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға