Жаңалықтар

Маңғыстауда осетин ақыны Коста Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті

Маңғыстауда осетин ақыны Коста Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті
18.10.2019 17:15 2094

Ақтаудың Достық үйінде осетин халқының ақыны, драматург, публицист және суретшісі Коста Хетагуровтың 160 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Маңғыстауда осетин ақыны Коста Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті

Оның барысында «Шадвал» би ансамблі және Марина Байрамовнаның орындауында «Джигиты» әні шырқалып, осетин этномәдени орталығының төрайымы Фатима Биркле Коста Левановичтың шығармасынан үзінділер оқыды.

Маңғыстауда осетин ақыны Коста Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті

Коста Хетагуровтың шығармашылық мұрасы сан қырлы. Ол ақын және проза жазушы, драматург және қоғам қайраткері ретінде танымал. Көркем сөз бен қылқаламды асқан шеберлікпен игерген Коста бостандық, халықтардың достығы мен теңдігін насихаттай отырып, бишаралық халге түскен тау халықтарының мүддесін қорғады.

Маңғыстауда осетин ақыны Коста Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті

Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас Консулдығының вице-консулы Владимир Волков аталмыш шараға қатысып, жиналған қауымды мерейтоймен құттықтады. Сонымен қатар осетин этномәдени орталығының өкілдері Маргарита Хабулова мен Ольга Дзагаховаға «Осетин Жоғарғы кеңесі» халықаралық қоғамдық қозғалысы атынан Құрмет грамотасымен марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.

Маңғыстауда осетин ақыны Коста Хетагуровтың 160 жылдығы аталып өтті

Бөлісу:



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға