Жаңалықтар

Ұлт бірлігі – тарих пен сана тұтастығында!

Ұлт бірлігі – тарих пен сана тұтастығында!
12.11.2019 15:38 2207

Атырау қаласында Х.Досмұхамедов атындағы университетте «Тарихи сананы жаңғырту - қоғамдық келісім мен ұлт бірлігінің факторы» тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараның ұйымдастырылуына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі мұрындық болды.

Конференцияға ҚХА ҒСТ мүшелері, ҚХА кафедраларының меңгерушілері, ЖОО оқытушылары, Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты мен облыстық кітапхана қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студенттер қатысты.

Ұлт бірлігі – тарих пен сана тұтастығында!

Конференцияның пленарлық отырысын Х.Досмұхамедов атындағы университеттің проректоры С.Ідрісов пен ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Г.Шәкірова сөз сөйлеп ашты.

Жиында тарихи тұлғалардың тарихи сананы жаңғыртудағы рөлі, Қазақстан халқының қалыптасуының тарихи-мәдени негіздері тақырыптары талқыға салынып, Атырау облысының қоғамдық саяси өміріндегі өзгерістер жөнінде архив құжаттарынан деректер сарапталды. Сондай-ақ, қоғамдық және тарихи сананы жаңғыртудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-зерттеу құрылымдарының әлеуеті тақырыбында жүзеге асырылып жатқан ұлтаралық келісім жобалары туралы мәселе жан-жақты талқыланды.

Конференция жұмысының екінші бөлімі Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық кітапханасында жалғасты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Архив-2025» жобасы аясында «Кеңес дәуіріндегі Атырау өлкесінің тарихын зерттеуде архив құжаттарының маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры С.Қуаныш «Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі Атырау облысы мемлекеттік архиві құжаттарында (1920-1940 жылдары)» тақырыбында баяндама жасап, құжаттар жинағымен таныстырды.

Бөлісу:

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға