ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: «QAZAQTANÝ» ЖОБАСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ – ҚОҒАМДЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН РУХАНИ ҚАБЫЛДАУ ИДЕЯСЫ ТӨҢІРЕГІНДЕ БІРІКТІРУ

26.11.2018 711

Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Qazaqtaný» мәдени-ағартушылық жобасының Республикалық лекторийінің пленарлық отырысы өтті.

Лектория жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова, ҚХА мүшелері, Аналар кеңесі, көрнекті қоғам қайраткерлері, Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдардың, республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде ҚХА төрағасының орынбасары Атырау облысы ассамблеясының белсенді және жемісті жұмысын атап өтті.

«Өзінің рухы мен мазмұны жағынан рухани жаңғырту идеясына сәйкес келетін «Qazaqtaný» ауқымды мәдени-ағартушылық жобасының арқасында қазақстандықтар тарихты терең біледі, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады. Қазақстан Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялау – жобаны іске асырудың жаңа бағытын ашты», – деп атап өтті Ассамблея Төрағасының орынбасары.

Л. Прокопенко Еуразиялық салт-дәстүрдегі көшпенді өркениеттің әлемдік тарихи үдерістегі объективті тарихи рөлін атап өтті.

«Сайын дала барлық жерде бар, бірақ олар ерте және жетілген орта ғасыр кезеңінде Еуразияда болған құрлықтар мен құрлықтардағы тарихи үдерістің сипатын толығымен анықтаған факторға айналмаған», – деді ҚХА төрағасының орынбасары. 

Еуразиялық ортағасырлық империялар мен Ұлы Дала Батыс-Шығыс өсі бойынша жаһандық коммуникациялық дәліз рөлін атқарды, оның бойында тәртіп қамтамасыз етілді, мәдени-өркениеттік байланыстар қалыптасты. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Бір белдеу – Бір жол» концептісі қазіргі заманғы келбетке ие болған Ұлы Жібек жолының жобасына айналды.

«2008 жылы «Ел күші – халық бірлігінде» атты Ассамблеяның XIV сессиясында Елбасы «Қазақ халқы әрқашан интегратор болғанын атап өтті. Ол болашақта да қоғамымызды біріктіруші өзегі болуы тиіс», – деп Президент сөзін еске түсіре кетті спикер.

Біздің ұлттық және мемлекеттік, азаматтық бірегейлігіміздің, бірегей қазақстандық үлгіміздің қайнар көзі мен алгоритмі осы маңызды тұста байқалады.

«Мемлекет басшысы Қазақстанға жалпыұлттық тарихи сана қажет деген мәселе қойды, ал «біздің тарихымызды қабылдауда қоғамды біріктіріп, тұтас, оң және ортақ қабылдау керек» – бұл «Qazaqtaný» міндеті болып табылады», – деп атап өтті ҚХА басшысының орынбасары.

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы Қазақстандағы тарих ғылымының дамуының жаңа кезеңі деп атап өтті. Жалпыұлттық тарихи сана мен бірегейлік Қазақстанның әрбір азаматының санасында «өткен күн үшін мақтаныш, қазіргі және болашаққа оң көзқараста прагматикалық баға беру» атты құдіретті дүниетанымдық триадада құрылуы тиіс.

2018 жылы «Qazaqtaný» жобасының Атырау облысында аяқталуы қисынды және заңды. Өйткені ҚХА басшысының орынбасары атап өткендей, аймақ экономикалық іргетас болып табылады. Бұл өз кезегінде аймақтағы әлеуметтік және ұлттық бірліктің берік негізінің айқын көрсеткіштері. Бұл жерде бүгінгі күнге дейін халықтың терең дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сақталған.

Лектория аясында Атырау облысында рухани жандануға, достық пен келісімді нығайтуға арналған әртүрлі форматты іс-шаралар өткізіледі. Түрлі мекемелерде «Qazaqtaný» бойынша дәрістер циклі жоспарлануда.

Нұргүл ШАТЕКОВА color:#3B3C3C">

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз. color:#3B3C3C">

Ұқсас материалдар