Жаңалықтар

Корейліктердің Чхарэ салты қазақтардың ата-баба рухына тағзым ету салтымен үндеседі

Корейліктердің Чхарэ салты қазақтардың ата-баба рухына тағзым ету салтымен үндеседі
20.02.2019 10:00 1941

Павлодар қаласының Достық үйінде Корей халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі аталып өтті.

Сольналь – ай күнтізбесінің бірінші айының бірінші күні аталып өтетеін үлкен мереке.

Іс-шараға облыстық ҚХА-ның өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Надежда» шіркеуінің пасторы Ким Сонг Су, ҚХА жастар қанатының өкілдері, Қ. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.

Кореядағы ең құрметті мейрамдардың бірі – Сольнальді көктемнің келуімен, табиғаттың жаңа өмірге дайындалуымен байланыстырады.

Корей этномәдени бірлестігі мереке барысында көңілді ойындар мен викториналар, әдемі әндер мен билер, театрландырылған қойылымдар әзірледі. Сондай-ақ, бағдарламада корей халқының чхарэ деп аталатын дәстүрлі салты көрсетілді. Чхарэ салтының негізгі мәні адамдардың ата-бабаларға көрсетілетін тағзымы мен олардың батасын алу болып табылады. Дәстүр бойынша, барлық қонақтар корейлік кадюриден дәм татады.

Қызықты дайындалған бағдарлама барысында «Хэт пит» вокалдық тобы, «Анен» хореографиялық ансамбілі, «Кымпитсори» және «Кобын адыри» вокалдық топтары, «Dope» заманауи би ансамбілі және Ефремовка корейлік ЭМБ-нің әншісі Диляра Бекетова әдемі әндер мен билерді тамылжыта орындады. Балаларға кеш соңында тәтті сыйлықтар үлестірілсе, кәріс этномәдени бірлестігінің мұғалімдері мен белсенділеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мерекені барлық қонақтар мен қатысушылар бірігіп, Сольналдың дәстүрлі «Кангангсулле» биімен аяқтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға