Жаңалықтар

ҚХА жастарға өз ісін бастауға аймақтарда жағдай жасап, көмектесуде

ҚХА жастарға өз ісін бастауға аймақтарда жағдай жасап, көмектесуде
09.08.2019 12:29 3210

Батыс-Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өкілдері бар топ облыстың жастар ұйымдары, аудандық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағалары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, облыстың белсенді жастарымен кездесіп, маңызды жобалар мен бастамаларды талқылау үшін дөңгелек үстел басында бас қосты.

 ҚХА жастарға өз ісін бастауға аймақтарда жағдай жасап, көмектесуде

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан Жастар жылында өңірде бірқатар тың жобалар жүзеге асырылмақ. Сондай ауқымды бастамалардың бірі - «Жастар жалыны» алаңы. Жоба әлеуметтік лифтілердің кең алаңын құруға, сондай-ақ барлық санаттағы жастарға қолдау көрсетуге бағытталған.

«Ауқымды жобалар барысында біз облыстарды аралап, әр өңірдің белсенді деген жастарымен кездесу өткізудеміз. Қазір бірқатар келіссөздер жүргізіліп, тың жобалар қолға алынуда.

«Жастар жылы – даңғыл жол» деген бастамамен біз өз ісімізді бастап кеттік. Мұндай бірқатар ұйымдар мен жобалар жастардың тың серпіліс алуына өз септігін тигізіп, олардың әлеуметтік тұрғыда дамуына үлкен мүмкіндік болмақ. Сонымен қатар мамандар бизнес және инновациялық тұрғыда өз кәсіптерін ашуға көмектесетін шеберлік сыныптар өткізетін болады», – деді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасы орынбасары Тимур Джумурбаев.

ҚХА жастарға өз ісін бастауға аймақтарда жағдай жасап, көмектесуде

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға