Жаңалықтар

ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады

ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады
12.09.2019 11:01 1965

Ақтөбе қаласында қызметтік іссапармен болып қайтқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Аббозұлы Пулатов облыстық ҚХА-да болып, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігімен танысты. 

         ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады

Төраға орынбасарының өңірге келудегі негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыруға ат салысу, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Qorgau» жобасы бойынша түрлі форумдар мен семинар-тренингтер, адам құқығын қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізу.

ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады

Ш. Аббозұлы облыстық ҚХА ғимаратында «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен кездесіп, облыстық Ассамблея ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің қызметтік кабинеттерін аралап, этнос өкілдерінің ұлттық бұйымдары сақталған мұражай жұмысымен танысты, мерекелік шаралар өтетін үлкен залдар мен маңызды басқосулар ұйымдастырылатын мәжіліс залын аралап көрді.

ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады

Одан кейін кездесу дөңгелек үстел басында жалғасты. Мекеме қызметкерлерімен танысқан ҚХА төрағасының орынбасары «Қазақтану»  ғылыми – ағартушылық жобасы төңірегінде сөз қозғап, Президент Жолдауында айтылған қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіл ретіндегі рөлін арттыруға айрықша тоқталды.

ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады

Өз кезегінде ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы С. Вишняк пен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б. Снабаева Мемлекет басшысының Жолдауын кеңінен таныстыру бағытында жұмыс жоспарлары мен атқарылған шаралар жайында баяндады.

ҚХА Төрағасының орынбасары ақтөбеліктермен Президент Жолдауын талқылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға