Жаңалықтар

ҚХА барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

ҚХА барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды
11.08.2019 00:00 4381

Құрметті отандастар!

Сіздерді мерекелердің сұлтаны – қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын ықыласымызбен құттықтаймыз!

Ұлық мерекенің құндылықтары – мейірімділік пен жомарттық, ниет пен іс тазалығы, жанның мырзалығы мен қайырымдылығы қай заманда да аса биік рухани және имани мағынаға ие. Олар сан ғасырлар бойы біздің ұлттық кодымызды сақтап, өзімізге тән ізгілікті мәдениетіміз бен даму жолымызды қалыптастырған.

Халқымыздың дәстүрлерінде дін адамдарды біріктіре және жақындастыра отырып, ортақ келісім мен бірлікті, азаматтар арасындағы татулық пен қайырлы қатынастарды сақтай алады және солай етуге тиіс.

Құрметті қазақстандықтар! Осы қасиетті күн бәрімізге ақ баталы бақуаттылық әкеліп, әр шаңыраққа береке, молшылық, қуанышқа толы жайлы өмір сыйласын!

Сіздерге тату да тыныш тіршілік, зор денсаулық және көздеген мақсаттарыңызға жетуде биік табыстар тілейміз!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға