Жаңалықтар

Көкшетауда қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі мен отбасылық өмірге дайындығы төңірегінде «дөңгелек үстел» өтті

Көкшетауда қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі мен отбасылық өмірге дайындығы төңірегінде «дөңгелек үстел» өтті
15.10.2019 16:26 3332

«Қыз болашағы - ел болашағы» республикалық онкүндігі аясында Көкшетауда Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен «Қыз қылығымен көрікті» атты «дөңгелек үстел» өтті.

Көкшетауда қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі мен отбасылық өмірге дайындығы төңірегінде «дөңгелек үстел» өтті

Оған қыздар клубының жетекшілері, психологтар, көп балалы аналар, студент жастар қатысып, қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі, олардың отбасылық өмірге дайындығы туралы сұхбаттасты.

«Дөңгелек үстелдің» негізгі желісі – өскелең ұрпақты тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалалық және рухани, адамгершілік көріністері.

Көкшетауда қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі мен отбасылық өмірге дайындығы төңірегінде «дөңгелек үстел» өтті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі қоғамда жанұяның балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселелерінен алшақтау үрдістері сақталып келеді. Осы ретте ата-аналардың әлеуметке қарсы, адамгершілігі жоқ мінез-құлқы болашақ ана болатын қыздардың санасын бүлдіріп жатқан сияқты.

Жасөспірімдердің ерте есеюі, кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыстың өсуі, қыздардың дәстүрлі емес дінге кетуі атап өтілді.

Көкшетауда қыздардың рухани, өнегелі тәлім-тәрбиесі мен отбасылық өмірге дайындығы төңірегінде «дөңгелек үстел» өтті

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары отбасылық құндылықтардың мәртебесін, отбасы қалыптастыруда әке мен ананың, қыздарды өнегелі тәрбиелеуде әйелдерге арналған қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыру аса маңызды деген ортақ ой-пікірге келді. Отбасын берік қылуда әйел баласына маңызды орын берілуінің себебі: ол рухани құндылықтарды, қоғамның адамгершілік мұраттарын тәрбиелеуде, сақтау мен нығайтуда негізгі рөлге ие.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға