Жаңалықтар

Елордалық ҚХА кезекті «Этникалық полифонияға» шақырады

Елордалық ҚХА кезекті «Этникалық полифонияға» шақырады
04.10.2019 09:53 1750

6 қазанда сағат 17:00-де Оқушылар сарайында «Этникалық полифония» этномәдени бірлестіктердің кезекті есептік концерті өтеді.

Оның аясында елордалық «Ван» армян мәдени орталығы, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Лад» Республикалық славян қозғалысының астаналық филиалы, «Қырғызстан-Астана», «Дала өлкесі казактары» АҚБ астаналық филиалы және «Polacy» қоғамдық бірлестіктерінің шығармашылық кеші өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, көрермендерді әуезді әндер мен ырғақты билер, жақсы көңіл күй мен түрлі этностардың мәдениетімен танысу мүмкіндігі бар.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері,               Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестік өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға