Жаңалықтар

Елордада ҚХА жастары мемлекеттік тілден сайысқа түседі

Елордада ҚХА жастары мемлекеттік тілден сайысқа түседі
05.11.2019 11:17 2381

Бүгін сағат 16:00-де елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы 24/9) Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты байқау өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуді, сондай-ақ, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастарды қазақ мәдениеті мен шығармашылығына ынталандыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау.

Елордалық этномәдени орталықтардың жастары қатысатын байқау 3 кезең бойынша өтеді:

1) «Менің Отаным – Қазақстан» ауызша таныстырылымы

2) «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты театрландырылған қойылым («Язык-Золотой мост дружбы»)

3) қазақ әдебиеті классиктерінің және қазіргі заман әдебиеті ақындары мен жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға