Жаңалықтар

Депутат Еділ Мамытбеков ерекше балалардың мәселелерін көтереді

Депутат Еділ Мамытбеков ерекше балалардың мәселелерін көтереді
10.01.2020 14:54 2469

Сенатор Еділ Мамытбеков елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесу өткізді.

Депутат кездесуге қатысушыларды Парламенттің заңнамалық жұмысы туралы ақпараттандырып, қабылданған заңдар туралы баянады. Ол есепті баяндамасында 2020-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасына басымдық берді. Кездесу барысында депутатқа бірнеше сауалдар қойылып, әсіресе, қоғамдық бірлестік өкілдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң талаптарына байланысты қызығушылық танытты.

Депутат Еділ Мамытбеков ерекше балалардың мәселелерін көтереді

Сондай-ақ, Е.Мамытбеков қалалық мәслихат депутаттарымен бірге қаладағы әлеуметтік нысандарда болды. Соның ішінде елордалық №95 ясли-балабақшаның, өмірлік ауыр жағдайда қалған балалар орталығының, №1 арнайы мектеп-интернатының жұмыстарымен танысты. Аталмыш мектеп-интернат 325 оқушыға тәлім-тәрбие беруге арналған, алайда, мұнда орын тапшылығына қарамастан, 527 бала орналастырылған. Жалпы, статистикалық мәліметтерге зер салар болсақ, елордада барлығы 9 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі және аутизм дертіне шалдыққан балалар бар.

Депутат Еділ Мамытбеков ерекше балалардың мәселелерін көтереді

Қалалық мәслихат депутаты З.Жүсіпованың айтуынша, жалпы білім беру мектептерінің базасы кәсіби мамандардың аздығына байланысты ерекше балаларды оқытуға дайын емес. Е.Мамытбеков аталмыш мәселеге байланысты тиісті органдарға депутаттық сауал жолдап, ерекше күтімге мұқтаж балалардың әлеуметтік мәселесінің түйінін тарқатуға күш салатынын айтты.

Депутат Еділ Мамытбеков ерекше балалардың мәселелерін көтереді

Сенатор қала бойынша жаңа теннис орталығының құрылысын аралап, «Жастық» 1-5 ауданының нөсерлік кәріз құрылыстарын қарап шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға