Жаңалықтар

«Дауларды шешу мен олардың алдын алуда ұтымды стратегияны таңдау» атты медиаторлардың облыстық форумы өтті

«Дауларды шешу мен олардың алдын алуда ұтымды стратегияны таңдау» атты медиаторлардың облыстық форумы өтті
17.08.2018 06:51 1514

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Дауларды шешу мен олардың алдын алуда ұтымды стратегияны таңдау» атты медиаторлардың облыстық форумы өтті.  

Форумға ҚХА облыстағы хатшылығының меңгерушісі, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Облыстық және қалалық соттың судьялары, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, прокуратура, сот жүйесі, адвокатура, нотариустер, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасының, Қоғамдық келісім, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің, кәсіби, қоғамдық медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Форум барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары, облыстық «Қоғамдық келісім» кеңесінің жетекшісі Шәбден Тілеумұрат, медиаторлар кеңесінің жетекшісі Лариса Сафонова, Аналар кеңесінің жетекшісі Мухаббат Миражапова, Жамбыл облыстық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов, т.б. медиаторлар кеңестерінің өкілдері баяндама жасады. Олар медиация институтын дамытудың өзекті мәселелерін, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі механизмдерін, медиация саласындағы жұмыс әдістерін жетілдіру мәселелері мен ұсыныстарын талқыланды. Медиация кабинетінің жұмысы туралы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация кабинетінің меңгерушісі  Валентина Досыбиева таныстырып өтті.

Медиацияны дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар форумға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңында бағдарламадағы барлық мәселелер бойынша жан-жақты және сындарлы диалог жүргізіліп, тиісті ұсыныстар жасалды. Форум соңында медиатор-жаттықтырушы Лариса Сафонова «Медиаторлық мінез-құлық мәдениеті», «Әлеуметтік қақтығыстар. Шешімдердің жолдары» тақырыбы аясында шеберлік сынып сағаттарын өткізді.

Форум соңында медиация саласындағы жұмыс әдістерін жетілдіру аясында сұрақтар мен ұсыныстар бойынша сұрақ-жауап алаңы өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға