Жаңалықтар

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады
14.01.2020 14:38 3469

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тұңғыш Президент жолымен» атты халық экспедициясының эстафетасын тапсыру мақсатында Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының делегациясы Жаңақала ауданында болды.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Габдушев бастаған делегация мүшелері «Достық» алаңында өнер қайраткерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін эстафетаға қатысушылар бес диалог алаңында пікір алмасты.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

«Хакатон» форматындағы бірінші диалогтық алаңда «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі» тақырыбында Ақжайық және Жаңақала ауданының қоғамдық келісім кеңесінің белсенді мүшелері бас қосты.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Екінші диалогтық алаң «Ата сөз – бата сөз» деп аталды. Мұнда екі ауданның ақсақалдары, ардагерлер кеңесінің мүшелері өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мемлекеттілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Үшінші алаңда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған міндеттерді шешу жөніндегі жұмысы туралы сөз қозғады.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Төртінші диалогтық алаң жұмысында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі мен жергілікті этномәдени бірлестіктер қызметінің нәтижелерін жан-жақты талқыланды.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Бесінші алаң «Медиация және дебаттар: жақындасу нүктелері» тақырыбын талқылауға арналды, оған кәсіпқой емес медиаторлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Күннің екінші жартысында эстафета аудандық мәдени-демалыс орталығында жалғасты. Мұнда «Елбасы жолымен» көрмесі, сондай-ақ суреттер, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрермендер Ақжайық ауданы әртістерінің концертін жылы ықыласпен қарсы алды.

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

БҚО Жаңақала ауданы халық экспедициясының эстафетасын қабылдады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға