Жаңалықтар

БҚО ҚХА Ресеймен шекаралас ынтымақтастықты кеңейтпек

БҚО ҚХА Ресеймен шекаралас ынтымақтастықты кеңейтпек
06.06.2019 15:25 3170

Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Келісім және бейбітшілік формуласы: Бірлік және Жаңғыру» атты ХХІІ сессиясы өтті.

фото Рафхата Халелова (405).JPG

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың төрағалығымен өткен  сессия  жұмысында  Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында берген тапсырмаларынан туындайтын нақты міндеттер айқындалды.

Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелері, барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары қатысты.          

«Былтыр Елбасымыз өңірімізге жұмыс сапарымен келгенде Бөкей ордасы мен Жәнібекке жолды бастаңдар деп тапсырма берген болатын. Міне, техникалық құжаттары, қаржылық мәселелері шешіліп, конкурс өтті. Жеңімпаз үш компания белгілі болды. Бүгін Бөкей Ордасы мен Жәнібекке жол басталған күн ретінде тарихта қалады. Қазір өңір басшысы Алтай Сейдірұлы күре жолға жауапты компания өкілдерімен бірге қайырлы істің басы­-қасында жүр. Баршаңызға құтты болсын», –  деп сессия отырысын ашқан Ғабидолла Абдоллаұлы алдымен жұртшылыққа жағымды жаңалықты жеткізді.

фото Рафхата Халелова (176).JPG

Күн тәртібіне сай баяндама жасаған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов «Әр сессияда Тұңғыш Президенттің берген тапсырмалары орындалып келеді. Биылдың өзінде 19 бөлімшеден тұратын 180 шара өткізілді. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында сәуір айында өткен ҚХА-ның 27-ші тарихи сессиясына өңірімізден 36 адам қатысып, жақсы әсер алып келді, – дей келіп, Ассамблея мүшелерінің жыл бойы атқарған белсенді жұмыстарын саралады.

фото Рафхата Халелова (162).JPG

Жиында сөз алған БҚО КХА жас кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Болат Сәрсенов, қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Николай Кондопуло, Ақжайық ауданының қоғамдық медиаторы Құрман Бисеғалиев, қаладағы №21 орта мектептің мұғалімі, «Тіл мұра»  қоғамдық қозғалысының мүшесі Виктория Девяткина, көпбалалы ана Сәбира Еролиева, «Альтаир» ЖШС директоры Сергей Потиченко, «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәкен Мұса, БҚО «ЯИК» фольклор-этнографиялық қазақ орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Игорь Спиридонов, Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушысы Азиз Талапов  сөз сөйлеп, сала-сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, бейбітшілік пен татулықтың елімізде мәңгі орнығуын тіледі.

фото Рафхата Халелова (136).JPG

Сессия қорытындысында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімі, облыстық Ассамблея мүшелерінің ротациясының шешімі қабылданды. Сессия татулық пен бірлігі жарасқан өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдерінің концертіне жалғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға