Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше кездесу өткізді
28.03.2019 06:15 2323

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді. 

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевпен болған кездесуде өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Облыс орталығы Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына ерекше назар аударылды.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Павловпен өткен кездесуде тараптар еліміздің банк секторындағы қазіргі ахуалды және осы саланы одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талқылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық Азия Электр энергетикасы корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебановпен кездесу барысында электр-жылу энергиясын өндіру нарығын дамытудың және еліміздің өңірлерін энергиямен жабдықтау ісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне баса мән берді. Тараптар, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау саласындағы тариф саясатын іске асырудың қазіргі үдерісін талқылады.

Akorda.kz

Оқи отырыңыз:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ АЛМАТЫҒА БАРДЫ

ҚАЗАҚСТАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЕСІМІН АСТАНАҒА БЕРУ ШЕШІМІ – КӨРЕГЕНДІКТІҢ БЕЛГІСІ

АТСАЛИМ ИДИГОВ: ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЛДЫНДА ҚАЗІРГІ ТАҒДЫРЫ МЕН БОЛАШАҒЫНА ЖАУАПТЫМЫЗ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға