Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылады

Атыраулық полицейлер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылады
18.04.2019 00:00 2154

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Атырау облысы «Мамандандырылған күзет қызметі» басқармасында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесуде сөз алған басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Н. Жомартов жиналғандарды 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтап, еліміздегі сан ұлттың татулықта өмір сүріп жатқаны бірліктің арқасы екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ, «Рухани жаңғырудың еліміз үшін маңызы зор. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Жолдауда жүктелген тапсырмаларды орындау - әрбіріміздің Отан алдындағы парызымыз деп білемін», - деді өз сөзінде Н. Жомартов.

Сонымен қатар шараға қатысушылар 2019 жылы маусым айында өтетін кезектен тыс Президент сайлауын өткізу Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын тиімді жүзеге асыруға көмектесетін жауапты әрі маңызды шешім екенін де тілге тиек етті.

Шараның соңы мекеме қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға