Атырауда ДЦП ауруына шалдыққан 8-айлық Давид Канцевтің еміне қаражат жинау басталды

04.06.2019 2217

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атыраудың саябағында «Довира» украин этномәдени бірлестігі мен «Елсана» руханият клубы бірлесе отырып,  мерекелік әрі қайырымдылық концерт ұйымдастырды.

             1 маусым 8.jpg

Саябаққа жиналған кішкентай бүлдіршіндер мен қала тұрғындарына  Атырау қаласының «Фламинго», «Тропикана», «Top Dance» би мектептерінің, «Харизма», «Всплеск» шығармашылық студиясының өнерпаздары жарқын көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.

Бар жылулығы мен жақсылығын балаларға төккен мереке қарсаңында қайырымдылық акциясын өткізген «Довира» шығармашылық ұжымы Атырау қаласының Канцевтер отбасындағы ДЦП ауруына шалдыққан 8 айлық Канцев Давидке көмек қолын созды. 

Егіздің сыңары Давид Астрахань облысындағы балалар медициналық оңалту орталығында ем алуда. Ата-анасының айтуынша, сәбидің емделуіне миллион теңгедей қаражат қажет екен.

Ұқсас материалдар