Жаңалықтар

Қарағандыда жастардың поэзия кеші өтті

Қарағандыда жастардың поэзия кеші өтті
29.07.2019 10:40 3253

Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындары, жастар қанаттары мен  этномәдени бірлестік өкілдері «Жастық шақ» атты поэзия кешін ұйымдастырып өткізді.

Өнерлі өрендер жыр кешіне келген қонақтарға арнап ән мен жырдан шашау шашты. Тәттімбет атындағы өнер колледжі студенттерінің орындауында классикалық музыка шырқалса, талантты жастар Александр Пушкиннің, Анна Ахматованың, Роберт Рождественскийдің, Эдуард Асадовтың, Марина Цветаеваның, Сергей Есениннің өлеңдерін оқыды. Мұқағали Мақатаевтың танымал әрі сүйікті өлеңдерін «Күлтегін жыры» байқауының жеңімпазы Елизавета Седышева нақышына келтіре оқыды.

Кештің сценарисі және басты ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Тәліпов – «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшесі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті.

    Қарағандыда жастардың поэзия кеші өтті

Виталий Плешков пен Анита Кан орындауындағы би нөмірлері келелі кездесудің ажарын аша түсті.

«Поэзия – ойды баяндаудың ең қысқа түрі, тіпті адам қабілет-қайнарының ең үлкен жетістіктерінің бірі дер едім. Аталған іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын», - дейді жас ақын, ҚарМТУ студенті Доскей Ботпай.

Өнер кешінің соңында Шевченко атындағы Қарағанды облыстық украин тілі серіктестігінің төрайымы Зеновия Красивская аталған игілікті шараға қатысқан қонақтарға және белсенді атсалысқан студенттер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға