Жаңалықтар

Алматыдағы уақытша бейімдеу орталығында спорттық-танымдық кездесу өтті

Алматыдағы уақытша бейімдеу орталығында спорттық-танымдық кездесу өтті
19.03.2019 04:40 2335

Қиын жағдайға тап болған балалар тәрбиеленіп жатқан уақытша бейімдеу орталығында (бұдан  әрі - Орталық) Алматының Достық үйі мен «Салиқалы ұрпақ» қоры бірлесіп «Мен чемпион боламын!» атты «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған қазақ ұлттық спорт түрлерінен семинар-кездесу ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараға белгілі спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар: Ермахан Ибраимов - олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокс бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері; Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақыт Алпысбаев; еркін күрестен спорт шебері Руслан Сымтықов қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан шараның қонақтары мен қатысушыларын «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төраға орынбасары Шахисмайл Асиев қарсы алды.

Мерекелік іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын әль-Фараби атындағы № 145 орта мектептің оқушыларынан құралған халық аспаптар оркестрі құттықтады.

Кездесу барысында Алматыдағы Достық үйінің қызметкерлері - Н.Алтекова мен Ж.Шыныбеков Наурыздың мейрамдағы салттары мен әдет-ғұрыптары туралы әңгімелеп берді.

Орталықтың тәрбиеленушілері, студенттер мен жасөспірімдер атақты спортшылармен кездесулері спорт, салауатты өмір салты, ұлттық спорт түрлеріне арналған диалог түрінде өтті.

Спортшылар балаларға өздерінің спорттық өмірімен бөлісіп, салауатты өмір салтына және спортпен шұғылдануға шақырды, бірақ бастысы, олардың пікірінше, жақсы және лайықты адам болып, елінің патриоттары болуын қалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы бокс және еркін күрес бойынша Алматы чемпиондары Ермахан Ибраимов пен Бақыт Алпысбаевтың шәкірттері, бірге келген, өзіндей құрдастары орталықтың тәрбиеленушілеріне  арналған шеберлік сыныптары мен демонстрациялық тренингтерге қатысты. Интернат тәрбиеленушілері, өз кезегінде, қонақтарға концерттік нөмірлермен би флеш-мобы ретінде сыйлықтарын тарту етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан орталықтың тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табысталды – балаларға арналған танымдық энциклопедиялар, дамытатын кітаптар, оның ішінде, Қазақстан тарихы мен ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық ертегілер туралы кітаптар. Іс-шараның барлық қонақтарына.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға