Жаңалықтар

Алматыда Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтуде

Алматыда Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтуде
27.09.2019 11:07 2057

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумының кеңейтілген отырысы өтуде. 

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ю.Келигов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, ҚР Парламенті депутаттары, Ассамблея Кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңестерінің, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктер өкілдері қатысуда. 

Алматыда Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтуде

Форум аясында қатысушыларға «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы» көрмесі таныстырылды. Мұнда қатысушылардың назарына елдің әр аймағындағы қоғамдық келісім кеңестерінің атқарып отырған жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. Және Ассамблеяның бір шаңырағына біріктірілген барлық этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетінен мағлұмат беретін тарих жәдігерлері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев көрмені аралап, оның жұмысына оң баға берді. 

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз. 

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға