Жаңалықтар

Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті

Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті
28.11.2019 16:04 3042

Танымал жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист және қазақ елінің патриоты Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толуына орай Маңғыстау облыстық «Видергебурт» неміс этномәдени орталығы әмбебап кітапханамен бірлесе әдеби кеш өткізді.

Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті

Герольд Бельгер бүгінде  қазақ қоғамындағы тіл жанашыры болып жүрген тұлғалардың бірі. Жазушының қазақ әдебиетінің жазушыларының шығармаларын орыс тіліне тәржімалап, өзге тіл оқырмандарына насихаттай білген. Мәселен Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов сынды қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын атап өтуге болады. 

Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті

Қаламгердің шығармашылығына тоқтаған бірлестік өкілдері жиналғандарға Г. Бельгердің өмірі туралы кеңінен мәлімет берді. Ұлты неміс болса да, жүрегі қазақ деп соққан жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде деректі фильм көрсетілді. Кездесуге қатысқан  мектеп оқушылары  оның қайталанбас туындылары жайында біраз мәліметке қанық болды.

Ақтауда қазақ әдебиетінің шын жанашыры Герольд Бельгердің 85 жылдығы аталып өтті

Жазушының «Бірінші тірегім – ата-анам. Екінші рухани тірегім – қазақтың ауылы. Үшінші рухани тірегім – кітап» деп айтқаны белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға