Жаңалықтар

Ақтөбеде қазақ қолөнерінің құндылықтары талқыланды

Ақтөбеде қазақ қолөнерінің құндылықтары талқыланды
18.02.2019 03:30 2307

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Қазақтану» республикалық жобасы аясында «Қазақ қолөнерінің құндылықтары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. 

Ұлттық сән және қолөнер – көркемсурет өнерінің ажырасмас бөлігі. Қолөнер шығармашылығы ұлттың көркемсурет дәстүрін, оның дүниетанымын, сан ғасыр жинақтаған тәжірибесін тарихи ескерткіш етіп сақтайды. Ұлттық сәндік қолөнердің құндылығы тек табиғатты әсерелеп, бейнелеумен шектеліп ғана қоймайды, ол рухани мәдениеттің ескерткіші болып табылады.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің мәнін терең меңгерген, Ақтөбе өңірінің танымал сарапшысы Алтай Тайжанов өткен ғасырдағы қолөнер шеберлері мен зергерлері туралы сөз қозғады. Өз сөзінде спикер «Технологияның қарқынды дамыған заманында өткенді білу экономиканың әр саласын түйсінуге мүмкіндік береді. Заманауи ғимаратты салуда сол жердің климаттық ерекшелігі ескерусіз қалмайдыЕртеден біздің ата-бабаларымыз ыдыс-аяқ жасағанда немесе пана салғанда «термос» әдісін кеңінен пайдалана білген», – деді ол. 

 Шұбарқұдық ауылының №1 гимназия мектебінің технология пәнінің мұғалімі, «Жыл ұстазы – 2014» республикалық конкурстың жеңімпазы Нұрлан Жәкібаев былғары мен киізден бұйымдар және тұрмыстық аспаптар жасау тәжірибесімен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға