Жаңалықтар

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде
21.01.2020 17:54 2761

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған аудандар арасындағы мерекелік эстафета Ақтөбе облысы Хромтау ауданында бастау алды.

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде

«Татулық темірқазығы – Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» тақырыбымен өткен салтанатты шараға облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов, Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров, Аналар Кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ мамандары мен Хромтау қаласының тұрғындары қатысты.

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде

Облыстық Ассамблея өкілдерін музыкалық ансамбльдің өнерпаздары «Тойбастар», «Балбырауын» күйімен күмбірлете қарсы алды. Халық Хромтау ауданын мекен еткен түрлі этнос өкілдерінің ұлттық асханаларымен танысты.

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде

Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының хатшылық меңгерушісі Маржан Қорғанбаева мерекелік эстафета символын аудан басшысы Н.Алдияровқа тарту етті.

Ел ішіндегі бірлік пен татулықты ұран еткен оқушылар мен аудандық шығармашылық ұжымдары Қазақстанды мекен ететін ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрінен сыр шертетін концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде

Сондай-ақ, Маржан Қорғанбаева бастаған топ аудан әкімдігі жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі және Аналар Кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде


Ақтөбеде аудандар арасында ҚХА-ның мерекелік эстафетасы өтуде



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға