Жаңалықтар

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді
25.09.2019 15:58 2168

Қостанай облысындағы «Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» жобасының психологтары Әулиекөл ауданының тұрғындарына кеңес берді. 

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

Мамандар С. Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясында педагог қауыммен кездесті. Іс-шара облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина алғысөзімен басталды.

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

«Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанынан төрт консультативтік-кеңестік орган құрылған. Олардың бірі – «Отбасын қолдаудың ресурстық орталығы» атты әлеуметтік маңызды жобаға бастамашы болған Аналар кеңесі. Бұл жобаның маңызы өте зор, себебі отбасылық құндылықтарды сақтау, насихаттау алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі», - дейді хатшылық меңгерушісі.

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

«Өкінішке орай, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша Қостанай облысы алдыңғы төрттікке енеді. Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары бастапқы үш орында. Қайғылы жағдайды болдырмау үшін отбасында тиімді қарым-қатынас орнатудың қыр-сырын білу қажет, балалардың, әсіресе жасөспірімдердің жан дүниесін түсінуге тырысу қажет, бұл ретте біз көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз», - деді Қазақстан психологтар Одағының жетекші сарапшысы, Әлеуметтік технологиялар институтының директоры Гүлмира Қармысова.

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

Іс-шара барысында Ұлы дала елінің біртуар азаматы, Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын шаралар барысы да талқыланды.

«2020 жылдың 1 сәуірінде Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Балаларымызға халық қаһарманының ерлігін танытуды құп көремін. Сонымен қатар, мерекеге аға буын өкілдерімен қатар, балаларымызды, жас өрендерді де қатыстыру қажет. Олар әлеуметтік желілер арқылы іс-шаралар ұйымдастырсын, шығармалар жазсын, игі істер жасасын», - деді Бибігүл Аққожина.

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

Іс-шара соңына қарай барлық қатысушылар Сұлтан Баймағамбетов атындағы және мектеп-гимназия музейлерін аралап көрді.

2020 жылы Қостанайда Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға