Жаңалықтар

Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

24.09.2019 18:36 2059

Елордадағы Оқушылар сарайында этномәдени бірлестіктердің «Этникалық полифония» атты есептік концерті аясында  алғашқы болып Нұр-Сұлтан қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов шараға жиналғандарға игі тілегін білдірді.

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

«Вайнахтар қазақ жеріне жан-тәнімен сіңісіп кетті және Қазақстанды өздерінің  екінші Отаны санайды. Сондықтан олардың атқарып жатқан барлық істері қазақ халқына деген құрметтін белгісі десек, артық айтқанымыз емес. Біздің көптеген жерлестеріміздің, соның ішінде кәсіпкерлер, ғалымдар мен құрылысшылардың Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосып келе жатқандығына өте қуаныштымын», - деді ол.

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Башир Солсанов этномәдени орталығының дамуына белсенді атсалысқандарға Алғыс хат табыс етті.

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

Үлкендерге құрмет көрсетуді әсте естен шығармайтын ұжым көрермендер назарына «Нана лаьтта — Мать земля» атты биді ұсынды. Ал келесі бір сәтте өнер ұжымы лезгинканы сәтті орындап шықты. 

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

Одан басқа «Къантий сий», «Рачули» мен «Дади Айбика» атты әсем билерді атап өтуге болады. Кеш соңында «Этот мир придуман не нами» атты ән орыс және қазақ тілдерінде шырқалды. 

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

Мерекелік концертке Англиядан келген қонақтар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

  Юсуп Келигов: Вайнахтардың атқарып жатқан барлық істері – Қазақ халқына деген құрметтің белгісі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға