Жаңалықтар

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек Капшағай жастарымен кездесті

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек Капшағай жастарымен кездесті
03.10.2019 15:40 2717

Жастар жылы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өкілдері Алматы облысы Қапшағай қаласында өткен «Жастар, Бірлік, Болашақ» атты фестивальге қатысты.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек Капшағай жастарымен кездесті

Оның аланыңда «PRодвигай себя» атты өзін-өзі дамытуға арналған тренинг өтті. Әңгіме барысында, «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының бірінші орынбасары Тимур Джумурбаев «Осы уақыт ішінде Ассамблея жастары көптеген қызықты жобаларға бастамашы болды. Біз «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен мотивациялық кездесулер өткіздік, сол жас бизнесмендердің, өнертапқыштардың және мәдениет салаларының өкілдері өздерінің жетістігі жайлы жастарға баяндап берулеріне жағдай жасауға тырыстық. Қазір біз үшін үздік жастар жобасын жүзеге асыруға арналған аланды құру өте маңызды, сондықтан біз өңірдің жұмысына үлкен назар аударудамыз, ауылдық жастармен байланыс орнатудамыз», деді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек Капшағай жастарымен кездесті

Шара барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабек өмір тарихымен және өз өзін ілгерілету тәжірибесімен бөлісті. Өлеңді ол мектеп кезінен жазып келеді. Қазір композиторлармен тығыз байланыс орнатып, отандық эстрада әншілеріне ән жазуда. Ержан Жұмабек «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы шығармашылықпен айналысуға тылсым күш бергендігін мойындайды. Жоба арқасында еліміздің көптеген аймақтарында болып қайтты.

«PRодвигай себя» жобасы ақпараттық кеңістіктегі ілгерілеу саласында жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Бұл міндет «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушы үміткерлердің және көшбасшы жастардың тәжірибесі негізінде заманауи технологиялар арқылы шешіледі.

Күтілетін нәтиже – түрлі салаларда жетістікке жеткен және Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан қазақстандықтардың тәжірибесін ескере отырып, қатысушылардың бойында базалық білімді имидждік және ақпараттық ілгерілету арқылы қалыптастыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға