Жаңалықтар

Шетелде тегін оқуға арналған бағдарламалар

Қазақстандықтар үшін шетелдік стипендиялар мен гранттар
Шетелде тегін оқуға арналған бағдарламалар
Фото: physcareer.ru, weproject.kz, aauw.org, architectus.co.nz, currentschoolnews.com, montgomerysisam.com 24.10.2017 18:10 14768

Коммерциялық емес ұйымдар мен қайырымдылық қорлары жыл сайын таңдаулы студенттердің әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында тегін білім алуын қамтамасыз етіп отыр. Оны жеңіп алу үшін көрсетілген құжаттарды жинап, жігерлендіретін хат жазып, белгіленген уақытта сол стипендияға лайықты екеніңді дәлелдеу жеткілікті. Ендеше іске сәт!

AAUW-дің әйелдерге арналған стипендиясы

Орны: АҚШ-тың барлық аккредитацияланған университеттері

Өтінім беру: әр жылдың 1 тамыз – 1 желтоқсан аралығында

Оқу мерзімі: әр жылдың 1 шілде – 30 маусым аралығында

Стипендия сомасы: 18 000$ мен 30 000$ аралығында

Өтінім беру формасы: мұнда

The American Association of  University Women АҚШ азаматы емес қыз-келіншектерді қолдап, тегін білім алуын қамтамасыз етіп келеді. 1917 жылдан бастап, іске қосылған бағдарлама 100 жылдың ішінде көптеген қыздардың аспирантура, магистратура, докторлық дәрежеге жетуіне қол ұшын созды. Мұнда зерттеу аймағы маңызды емес, себебі бағдарлама барлық бағыттарды қамтиды. Бағдарламаның мақсаты – оқу аяқтаған қыз балалар еліне оралып, алған білімін сондағы әйел адамдардың хал-ахуалын жақсартуға ат салысу. Сондай-ақ, бұл шәкіртақыны жеңіп алу үшін ағылшын тілін жақсы меңгергені, бакалавриат тәмамдауы міндетті.

University of Auckland жазғы стипендиясы

Орны: Жаңа Зеландия, Окленда университеті

Өтінім беру: 30 шілдеге дейін

Оқу мерзімі: 10 апта

Стипендия сомасы: 6 000$

Өтінім беру формасы: мұнда

Бакалавриат студенттері алыс Жаңа Зеландияға биоинженер, медицина, құқық, әлеуметтік жұмыс, көркемөнер, бизнес, инженер ісі бойынша аттануға мүмкіндігі зор. Жазғы стипендия зерттеу потенциалы бар студенттерге арналған.

University of Sydney International Scholarship стипендиялық бағдарламасы

Орны: University of Sydney, Австралия

Өтінім беру: 31 шілдеге дейін және 15 желтоқсанға дейін

Оқу мерзімі: 3 жылдан басталады

Стипендия сомасы: оқу ақысы мен жатын орны

Өтінім беру формасы: мұнда

Бағдарлама бойынша аспиранттар мен магистранттар кемінде үш жыл оқиды. Сидней университетіндегі тегін білім грантына ие болу үшін академиялық үлгерім мен зерттеу потенциалы болса жеткілікті. Сондай-ақ, осы оқу орындағы кез келген мамандыққа түсуге болады.

DAAD стипендиясы

Орны: Германия

Өтінім беру: 30 қазан

Оқу мерзімі: 1 жылдан 2 жылға дейін

Стипендия сомасы: айына 750€-дан басталады, медициналық сақтандыру мен жол ақысы

Өтінім беру формасы: мұнда

The German Academic Exchange Service (DAAD)  – даму бағдарламасымен шетелдік студенттерді магистратура мен аспирантураға қабылдайтын неміс ұйымы. Осы бағдарламаның аясында білім алу үшін бакалавриат дәрежелі диплом мен қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымда жұмыс жасауы керек. Сондай-ақ, неміс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген болуы шарт.

Humber College гранты

Орны: Торонто, Канада

Өтінім беру: 29 қыркүйек

Оқу мерзімі: 1 жылдан бастап

Стипендия сомасы: толық немесе жартылай стипендия

Өтінім беру формасы: мұнда 

Торонто колледжі шетелдік үздік студенттерді оқытып, оларды әр түрлі деңгейлі стипендиямен қамтамасыз етеді. Шәкіртақыны оқу үлгеріміне, мотивациясы мен абитуриенттердің ұсыныстарын ескере отырып тағайындайды.

Chevening стипендиялық бағдарламасы

Орны: Ұлыбритания

Өтінім беру: 8 қарашаға дейін

Оқу мерзімі: 1 жыл

Стипендия сомасы: ай сайынғы стипендия, жол жүру ақысы, оқу ақысы

Өтінім беру формасы: мұнда 

Британ үкіметінің стипендиясын жеңіп алу үшін бакалавриат және одан да жоғары білім дәрежесі, өз мамандығы бойынша кемінде 2 жылдық жұмыс өтілі, бағдарлама талап ететін ағылшын тілінің деңгейі керек. Бағдарлама аясында саясат, халықаралық қатынастар, мемлекетті басқару, экономика, бизнес және инновация, ғылым және ғарыш, журналистика, климат өзгерісі, энергетикалық қауіпсіздік бағыттары бойынша білім алуға болады.

Fulbright стипендиялық бағдарламасы

Орны: Гарвард университеті, АҚШ

Өтінім беру: 1 мамырға дейін

Оқу мерзімі: 1-2 жыл

Стипендия сомасы: ай сайынғы стипендия, медициналық сақтандыру, оқу ақысы, жол жүру ақысы

Өтінім беру формасы: мұнда

Медицинадан бөлек барлық саланы оқытатын Fulbright (Фулбрайт) стипендиясына үміткер болу үшін бакалавриат деңгейі қажет. Сондай-ақ, оқуды аяқтаған соң 2 жылдық еңбек өтілі міндетті. Бұл стипендияның иегері атанып, университет бітірген соң, студент міндетті түрде Отанына оралуы керек.

Конфуций институтының стипендиясы

Орны: Пекин университеті, Қытай

Өтінім беру: әр жылдың 5-мамырына дейін

Оқу мерзімі: квалификацияны көтеру 4 апта – 1 жыл, бакалавриат 4-5 жыл, магистратура – 2-3 жыл, докторантура – 3-4 жыл

Стипендия сомасы: квалификацияны көтеру – 1400 юань, бакалавриат – 1400 юань, магистратура – 1700 юань, докторантура – 2000 юань, медициналық сақтандыру

Өтінім беру формасы: мұнда

Стипендияның иесі атану үшін ҚХР азаматтығы болмаса жеткілікті. Сол секілді үміткердің денсаулығында кінәрат болмағаны да маңызды екен. Өтінім берушінің жас мөлшері 16-35 жас аралығында (бакалавриат 20 жасқа дейін) болуы керек. Ал оқытушылар 45 жасқа дейін қабылдана береді.

Франция елшілігінің стипендиясы

Орны: Франция

Өтінім беру: 28 ақпанға дейін қабылданады

Оқу мерзімі: 9 ай – магистратура, 18 ай (3 жыл ішінде) – докторантура

Стипендия сомасы: ай сайын 760 евро, медициналық сақтандыру, тегін жатақхана

Өтінім беру формасы: мұнда

Франция елшілігінің стипендиясына жоғары білімі бар, ағылшын немесе француз тілдеріне жетік, барлық саланың студенттері өтінім беруіне болады. Сондай-ақ, магистратураға 30, докторантураға 35 жасқа дейінгі адамдар құжат тапсыра алады.

Endeavour Awards стипендиясы

Орны: Мельбурн университеті, Австралия

Өтінім беру: 30 сәуірге дейін

Оқу мерзімі: 2-3,5 жыл

Стипендия сомасы: ай сайынғы стипендия, жатын орын, медициналық сақтандыру, оқу ақысы, жол жүру ақысы

Өтінім беру формасы: мұнда

Австралия үкіметі ұсынып отырған білім бағдарламасына өтінім берушінің жасы 18-ден төмен болмауы керек. Ол соңғы екі жылда AusAID мен Endeavour Awards бағдарламаларына құжат тапсырмағаны да маңызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға