Жаңалықтар

Әзірге жоқ, бірақ келешекте сұранысқа ие болатын 10 мамандық

Жақын уақытта технофилософ, киберпсихолог, блокчейн-евангелист және тағы басқа мамандықтарға деген сұраныс артатын болады
Әзірге жоқ, бірақ келешекте сұранысқа ие болатын 10 мамандық
06.02.2018 16:34 10080

Медицина мен фармацевтикадағы блокчейн маманы

Блокчейн технологиясы криптоволюта, қаржы саласы мен банк жүйеcінде дамып келеді. Болашақта екі жақты келісім-шарт жасау мен қос тарап арасындағы сенімділікті арттыру үшін денсаулық сақтау жүйесіне енуі әбден мүмкін. Қазіргі уақытта медицина мен фармацевтикалық компаниялар қарқынды түрде блокчейн-жобаларын дамытуға күш салып жатыр. Сондықтан, медицина мен блокчейнді қатар білетін мамандарға деген сұраныстың артуы заңды.

Керек білім: медицина (бағытына қарай), блокчейн-технология

Киберпсихолог

Дәл қазір бұл мамандық өмірге келмегенімен, болашақта медицина, психотерапия мен ми зерттеуінің қосындысынан кейін міндетті түрде пайда болады. Google-дың виртуалды шындық пен жасанды интеллект базасында осы тектес бір құрылғы жасалған. Оның жұмысы гипнозға өте ұқсас. Яғни, киберпсихолог маман иелері психиканы бақылауда ұстамақ.

Керек білім: психология, психотерапия, қосымша шынайылық, аралас шынайылық, жасанды интеллект.

Компьютерлік экожүйе мен мультиплатформаның архитекторы

Біздің өміріміздің бәрі компьютерлік экожүйеге айналып бара жатыр. Веб-сервистер медиакорпорацияға дейін өсіп, сайттар конгломератқа айналып, компаниялар мен азық-түлік өндірушілердің өздері де контент дайындап кетті. Бұл – ақпараттық-технологияны терең меңгергендерге әрқашан жұмыс табылады дегеннің белгісі.

Керек білім: ІТ, блокчейн-дайындау, жасанды интеллект, интернет құралдары.

Криптовалютаны инвестициялау жөніндегі кеңесші

Биткойн мен эфириум айналасындағы ақпараттық шудың арқасында осы мамандыққа деген сұраныс туындап келеді. Экономика саласының білгіріне, валюта нарығын қалт жібермей, бақылап отыратындарға жұмыс дайын дей беріңіз.

Керек білім: құқықтық, экономикалық блокчейн аспектілері, қаржы саласы, инвестициялау

Ақылды қала гиді

Сарапшыларға сенетін болсақ, интернет  дүниелері мен жасанды интеллект адамдар үшін өте тиімді болып келеді. Машиналардың өздері керек жеріңізге апарып тастайды, жүргіншілер келгенде көшедегі жарықтардың өзі жанады, қала тазалығын роботтар бақылайды, ал кофе мен таңғы асты сізге тапсырыс бермей жатып, ойланған сәтте-ақ алып келеді. Адамдардың, келген қонақтардың ақылды қалаға үйренуге біраз уақыт кететіні анық. Осы сәтте, барлығын түсіндіріп беретін гид көмекке келеді.

Керек білім: интернет дүниелері, жасанды интеллект, нейрожелі

Машина үйрену дағдысының маркетологы

Бүгінде маркетолог болғыңыз келсе интернет құралдарын және SMM негіздерін білуіңіз шарт. Бізге күн сайын алгоритмдерді оқып-үйренуге тура келеді, бірақ оны іс-тәжірибеде қалай қолдануды білмей жатамыз. Ал болашақта ше? Болашақта бұл маман иелері digital-трендті еркін жүргізіп, аналитка, сегментация, таркетинг тапсырмаларын оңай шешу үшін қажет.

Керек білім: маркетинг, digital-маркетинг, SMM, жасанды интеллект

Бизнестің блокчейн-евангелисті

Блокчейн әр түрлі қиын бизнес-тапсырмаларын оңай шеше алады. Бірақ үлкен және кіші бизнесте, стартаптың негізін қалаушылар үшін блокчейнді енгізу, оны бір жолға түсіру, шығындар мен қауіптің алдын алу қиынға соғады. Осы кезде блокчейн шешімдер шығара білетін, бизнес тапсырмаларды оңай шешетін маманның көмегі ауадай қажет.

Керек білім: блокчейн-технология мен бизнес-үдерісінің  интеграциясы

Digital шараларды ұйымдастырушы

Қазір онлайн-конференциялар мен вебинаралар өткізіп, ешкімді таң қалдыра алмайсыз. Дамыған технологияның арқасында виртуалды фестивальдар, мерекелер мен спорттық жарыстарды шынайы көріп, сол шараларға мың шақырым алыста отырып ат салыса аламыз.

Ол үшін өтіп жатқан іс-шараның Facebook парақшасына кіріп, арнайы көзілдірік тақса жеткілікті. Ал шынайы шара болсын, виртуалды болсын, оны ұйымдастыратын адамға сұраныс әрқашан болады.

Керек білім: ивент-менеджмент, digital-маркетинг, SMM, қосымша шынайылық пен виртуалды шынайылық

Технофилософ, техноәлеуметтанушы, техномәдениеттанушы

Oxygen мен Aristotle деп аталатын Google-дің зерттеу жобасы әр түрлі компанияларда жұмыс жасайтын мамандардың жетістіктерін анықтаған еді. Нәтижесінде, үздік мамандардың технология мен ғылымға немесе математикаға ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Яғни, ең табыстылары – гуманитарлық пен әлеуметтік сала мамандары екен.

Бірақ, бүгін де, келешекте де ғылым мен технология саласында қызмет ететіндерге сұраныс жоғары болатынын білеміз. Әлеуметтік сала мен технологияны қоса меңгергендердің заманы туады.

Керек білім: әлеуметтану, мәдениеттану, медиафилософия, интернет дүниелері, жасанды интеллект, нейрожелі, машиналық оқу, қосымша шынайылық

Виртуалды театр қойылымдары мен қосымша шынайылық режиссері

Виртуалды әлемде көрермендерді монтаждың көмегімен басқару мүмкін болмағандықтан, театр режиссерлері жаңа кеңістікті бағындыратын әдістері бар VR мен AR-технологияға деген қызығушылығы оянды.

Қосымша шынайылық бүгінде бизнес, архитектура мен медицинада қолданыста болса, виртуалды – ойын индустриясында пайдаланылып жатыр. Осыған қарап, болашақта аралас шынайылықтағы театр қойылымдары 3D-кинодан да түсінікті әрі танымал болатынына күмәніміз жоқ.

Керек білім: театр режиссурасы, қосымша шынайылық, виртуалды шынайылық, аралас шынайылық

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға