Жаңалықтар

Қалаға оқуға келген ауыл баласына аса қажетті 5 кеңес

Жаңа оқу жылы жақындап қалды. Қазір ауыл жақта алабұртқан ата-анамен жастардың көптігі анық. Себебі, қанаты қатаймаған жасөспірім бала тұңғыш рет ата-анасынан жыраққа, өз үйінен ұзақ уақытқа алыстамақшы.  Ауыл баласын қалада оқудан басқа не күтіп тұр? Білгіңіз келсе мінекей:
Қалаға оқуға келген ауыл баласына аса қажетті 5 кеңес
02.08.2018 15:23 35396

 

 

         

Қалаішілік автобус. «Қазіргі жастар үлкен сыйлауды білмейді» деген сөзді ең алғаш осы көлікте естуіңіз мүмкін. Шамаң келсе жасы ұлғайған адамдарға, балалы және жүкті келіншектерге орын беріңіз.

Сауда-саттық қатынасы. Қала баласы саудаға кішкентайынан бейімдірек болады. Себебі, есік алдындағы дүкенге бару секілді қарапайым дүниелер оны өз-өзінен баули береді. Сырт көзге қала жастарының ауыл жастарына қарағанда пайдакүнем, қулау болып көрінетіндігі осыдан, яғни, есебінен жаңылмауға қалыптасуынан. Сауда жасағанда барынша ізетті, мәдениетті болыңыз. Ондай орындарға топ-топ болып барып, қарқ-қарқ күліп жүрмеңіздер. «Ауылбайский» деген сөзді естіп қалмау үшін осы ескертпелерді есіңізге сақтаңыз.

 

Баса назар аударатын тағы бір мәселе бар. Қаладағы тәтті тірліктер, ресторан, кафе-барлар, түрлі ойын-сауық орындары қала баласына таңсық емес. Бұл ол жерлерде өзін қалай ұстау керегін біледі. Кішкентай кезінде әке-шешесімен келген жерлеріне өсе келе өзі емін-еркін ене береді. Ауыл баласының бұндай орындарда тәжірибесі жоқтың қасы.  Желіден босатып жіберген құлын секілді далаңдап, шапқылап кетуі, бірдеңеге жиі ұрынып қалуы осыған да байланысты секілді. Білмейтін дүниелеріңді алдымен интернеттен қарап алғанның, қалай жүріп-тұру керектігін зерттеп алудың еш сөкеттігі жоқ.

Пәтерде тұру. Әке-шешесінің қасында бала болып жүрген жасөспірімдер қаладағы колледждерге (Орта мектепті аяқтап келгендерге, ЖОО түскендерге қатысы аздау) түсісімен өздерін үлкен сезіне бастайды. Қыздар бойжету процесінен секіріп өтіп, өздерін естияр қыз ретінде сезіне бастаса, ұл балалар бозбалалық процестерін аттап өтіп өздерін жігіт сезіне бастайды. Қалаға келіп 3-4 ауылдас  бала бірігіп пәтер жалдайтындары және сол пәтерлерде бастаңғылату жиі  болатыны жасырын емес. Ауылдастарың қонаққа шақырса жаныңа жаңа танысқан достарыңның біреуін ертіп барудан сақтанған дұрыс. Ортақ қызығушылық, ортақ әңгімелеріңіз бар ортамен ғана араласқаныңыз өзіңізге жақсы. Пәтердің қыз бен жігіттің қыдыруы үшін ойлап табылмағанын есіңізден шығармаңыз.

Көше тазалығы. Ауылда әркім өз үйінің маңын жинақы ұстайды емес пе? Олай болса сенің жүріп келе жатқан көшең, досыңды күтіп отырған аулаңның біреулердің үйінің маңайы екенін ұмытпа. Сағызыңды түкіре салу, қақыра салу,  су ішкен құтыңды келе жатқан жеріңе тастай салудан аулақ болғаныңыз жөн.  Сонда ғана ешкім сізге саусағын шошайтып «Ауылда өскен қиын ғой» деп күлмейтін болады. Сәттілік!

Фото алынған жер

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға