Жаңалықтар

Баянауылда демалуға қолайлы 5 кешен

Баянауылда демаламын десеңіз ...
Баянауылда демалуға қолайлы 5 кешен
17.07.2017 12:46 15425

Алтын арқаның құтты мекені саналатын бай қазыналы, көгілдір таулы көрікті өңірлердің бірі – Баянауыл. Аңыздар мекені атанған Баянауыл – туризм кластерін дамытуға қолайлы өңірлердің бірі. Мұнда ерекше қорғауға алынған ұлттық парк бар екенін де айта кеткен жөн. Бір ғана Жасыбайда 40-қа  жуық демалыс аймағы бар. Мұнда балалардың да демалыс лагерлері   жұмыс істейді. Биыл туристерге экскурсия жасайтын 12  маршрут ашылған. Ресми дерекке сүйенсек,  бұл аймаққа жылына 150 мыңнан астам турист келіп демалады. Олардың 20 пайызы шетелдік туристер.

Биылғы демалысыңызда Баянауылға баруды жоспарласаңыз, El.kz интернет жобасы сізге қолайлы 5 демалыс орынын қолжетімді баға, жайлылығы, сапалы қызметі үшін іріктеуге тырысты.

«Сұлтан» демалыс үйі

«Сұлтан» демалыс үйі дәл Жасыбай көлінің іргесінде орналасқандығымен ерекшеленеді. Жағажайға тиіп тұр. Демалыс кешені келушілерге қолжетімді бағадағы стандарт бөлмеден бастап, «люкс» санатты бөлмелер ұсынады. Бұдан бөлек қалауңызға қарай екі қабатты ағаштан жасалған коттедж үйлер таңдауға мүмкіндігіңіз бар.

Байланыс телефоны: 8 (71840) 9-09-54, 8 (71840) 9-20-65

Екі кісілік жартылай стандарт бөлме: 8500 теңге

«Люкс» санатты бөлмені (3 адамға арналған): 30 000 теңге

«Елқоныс» демалыс кешені

Жасыл желектің ортасында орналасқан «Елқоныс» демалыс кешені туристерді сапалы қызметімен қызықтыра алады. Арнайы мамандардың ұйымдастыруымен қызықты экскурсия, футбол алаңы, волейбол ойнайтын алаң, үш мезгіл тамақ, қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсынатын дәмхана, монша, балаларға арналған алаң, велосипедті жалға беретін қызмет, Wi-Fi, караоке, би алаңы, үлкен мангал. Осы аталған қызмет түрінің бәрі «Елқоныс» демалыс кешенінде бар.

Екі қабатты VIP коттежде бөлме жалдау: 7000 теңге

Қонақ үйден 4 орындық бөлме жалдау: 3500 теңге

Шағын үй жалдау: 5000 теңге

«Алтын Баян» демалыс үйі

«Алтын Баян» демалыс үйі Баянауылдың ең әдемі орындарының бірінде орналасқан. Мұндағы қолжетімді бағаға байланысты кісі қарасы көп. Қай кезде барсаңыз да орын толық болуы мүмкін. Сол үшін алдын-ала хабарласып, бөлме броньдағаныңыз абзал.

Екі орындық стандарт бөлме: 6300 теңге

Үш немесе төрт орындық стандарт бөлме: 5700 теңге

Үш орындық «люкс» санатты бөлме: 20 900 теңге

Үш орынға лайықталған ағаш үй жалдау: 5200 теңге

«Березовая роща» демалыс кешені

«Березовая роща» демалыс кешені Жасыбай көліне жақын орналасқан. Қонақ үй кешені демалушыларға 62 бөлме ұсынады. Демалыс үйінің өзіне тиесілі жағажайы сондай-ақ жасыл аумағы бар.  

2 орындық жартылай люкс бөлме: 11 000 теңге

4 орындық «люкс» санатты бөлме 18 000 теңге

«Өрлеу» демалыс үйі

«Өрлеу» демалыс кешені де жасыл желекке  оранған әдемі аймақта тұр. Он шақты «люкс» санатты коттедж үйлерде жанға жайлы демалыс өткізуге барлық жағдай қарастырлған.

2 орындық бөлме: 5000 теңге

3 орындық бөлме: 10 000 теңге

Сәтті сапар тілейміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға