Жаңалықтар

Суға түсу маусымы қашан басталады?

Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының суға шомылу маусымына қатысты мәлімдемесі
Суға түсу маусымы қашан басталады?
04.06.2020 10:30 5917

Жаз мезгілі келгенде тұрғындар мен қала қонақтары аптап ыстықтан қорғану үшін өз аймақтарындағы өзен-көлдердің жағасында суға шомылады. Бірақ бір өкініштісі, суға түсуді ыстықтан пана көргендер қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан сан соқтырар оқиғаларға тап болып жатады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын әлемде жарты млн-ға жуық адам суда қаза табады екен. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлері осы жағдайдың алдын алуға қатысты дабыл көтеріп отыр. Тілсіз жаудан құрбан болғандардың басым бөлігі тыйым салынған орындарда суға түскендер болса, енді біреулері ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірімдер мен ішімдік ішіп суға түскен ересектер екен. Осы мәселелерге қатысты және суға шомылуға ел аймақтарында қашаннан бастап рұқсат берілетіндігі жөнінде Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, генерал-майор Владимир Беккер баспасөз жиналысында айтып берді.

Kiryanov-8-1-1.jpg

Жыл сайын елімізде суға түсу кезеңі ресми түрде жаздың алғашқы күндерінде басталса, осы жылы әлемде орын алған пандемияға қатысты өңірлерде карантиндік режимді есепке ала отырып, суға түсу маусымына қатысты өзгерістер енгізілді. Баспасөз мәлімдемесі барысында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы суға шомылу маусымына қатысты нақты ақпараттар аймақтардағы Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшыларымен кеңесе отырып жеке қабылданатындығы жөнінде айтты. Сонымен қатар, құрғақ және ыстық ауа райының әсерінен елімізде өрт тұтану оқиғалары өте көп орын алып жатқандығы белгілі. Тек бұл ғана емес, кейбір тұрғындардың рұқсатсыз әрі арнайы белгіленбеген орындарда шомылғандығы туралы бірнеше деректер анықталған.

Елімізде жыл басынан бері азаматтық қорғаныс органдарының бөлімшелері 643 рет құтқаруға шыққан. Оның ішінде құтқарушылар тарапынан Қарағанды облысында – 223, ШҚО-да – 81 , Нұр-Сұлтанда – 66, Павлодарда – 33 және Түркістан облысында – 26 рет көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстары жүргізілген.

s1200 (4).jpg

Адамдарды түрлі төтенше жағдайлардан құтқаратын мамандық иелері кейде өз бастарын қатерге де тігеді. Ал жаз мезгілі келе сала, олардың жұмыстары қиындап, бір тәулікте құтқару қызметіне хабарласатын адамдардың саны күрт көбейіп кететін кездер де болады екен. Осы жылы мамырдың 22-31 күндері құтқару қызметіне келіп түскен қоңыраулар саны бұрынғыдан 3 есеге артқан. Мамыр айының соңғы жексенбісінің өзінде Қазақстан бойынша құтқарушылар 643 рет құтқару жұмыстарын жүргізген.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері бүгінгі таңда өздерінің қиын да жауапты қызметінде тек өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып қоймай, жол апатына ұшыраған және жоғалған азаматтарды іздестіруге атсалысып келеді. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар комитеті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай, көз жұмған адамдардың санының артқанына және де жасөспірімдер мен кішкентай бүлдіршіндердің ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеден құлау жағдайларына жиі ұшырауына алаңдайды. Негізінен суда адамдардың қаза болуына себеп болатын жағдайларға шомылу кезінде сіңірі тартылып қалу, есінен айрылу, басы айналу және тағы да өзге жағдайлар әсер етуі мүмкін. Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өткен жылы судан қаза болғандардың саны 90 адам болса, жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 62 адам суға батып көз жұмған. Оның ішінде 2019 жылы 30 бала, биылғы жылы 22 жасөспірімнің ажалы судан болған. Сонымен бірге балық аулау ережесін сақтамағандар, қараусыз қалған жасөспірімдер мен судың қатты ағысынан, мұз астына түсіп кетіп, көз жұмған балалар, мас күйінде суға шомылғандар дерегі де тіркелген.

858x540.jpg

Карантин шараларына байланысты суға түсу кезеңі басталмаса да бүгінгі күні суға кеткен және ересек адамдардың қарауынсыз қалған балалар бойынша 28 адам дерегі тіркелген. Ал өткен жылы осы жағдаймен 24 адам суға кеткен. Оның ішінде балалардың саны басым болып отыр. Осы орайда келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметкерлері суға шомылу кезінде тұрғындар мен қала қонақтарына мұқият болуды ескертеді.

Ал мамыр айында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты күн ыстық болғаны белгілі. Бірақ өзен-көлдердегі су адамдардың суға шомылуға ерте екендігін көрсетеді. Ең қолайлы суға шомылу режимі су температурасының + 180 + 200 дан жоғары деңгейі болып табылады. Суға ешқашан масайған күйде түсуге болмайды. Өзен-көлдерде, су айдындарында шомылған кезде арнайы белгілерден аспау керек. Және қайғылы жағдайлар орын алмау үшін бүгінде жағажайларға 16 жасқа дейінгі балаларға ата-анасыз кіруге тыйым салынады. Қанша ескерту жасалғанымен, жаз шыға сала, алыс-жақын жерлердегі су қоймаларына шомылуға шыққан қала тұрғындарының қарасы қалың. Кейбір ересектердің қауіпсіздік шараларын елемеуінен өкіншіті оқиғалар да орын алып жатыр. Сол себептен де, барлық адамдар суға түсу ережелерін қатаң сақтауы керек. Оған тыйым салынған белгіден аспау, түнгі мезгілде суға шомылмау, су бетінде келе жатқан қайықтар мен кемелерге қарсы жүзбеу және судың тазалығы мен тереңдігіне көз жеткізбей секірмеу жатады.

DCS_8063.JPG

Қазіргі таңда еліміздің аумағында суға түсу кезеңіне орай 592 ресми суға шомылу және демалу орны анықталған. Олардың ішінде коммуналдық және жеке жағажайлар бар. Сонымен бірге тыйым салынған орындар анықталып, ескерту белгілері де орнатылған. Алдағы уақытта елімізде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ІІМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, практикалық және алдын-алу іс-шараларын жүргізеді. Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы суға шомылу маусымы кезеңінде 1 мыңнан астам құтқарушы қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшкен. Сонымен бірге бірнеше мыңдаған жүзу және құтқару құралдары дайындалған. Еліміздің су айдындарын қамтуды арттыру және азаматтардың суда қауіпті және қорғалмайтын учаскелерінде қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін жедел-құтқару жасақтары 53 мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі ұйымдастырылмақ. Алдағы уақытта арнайы кесте жасалып, жүзу құралдарында күніне үш реттен кем емес тұрақты негізде патрульдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Төтенше жағдайлар комитеті осы жылы мамыр айының өзінде 2654 рейд және патрульдеу жұмыстары жүргізілігендігі жөнінде мәлімдеген болатын. Іс-шаралар нәтижесінде 103 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға «Қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзу» ӘҚБтК 440-бабы бойынша 976 780 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін алдағы уақытта Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен, қоғамдық жасақшылар қатысатын 108 құтқарушы мен 50 объектілік құтқару бекетін құру жоспарлануда. Ал бүгінде су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын күшейту үшін табиғи жағажайлар мен жаппай демалу орындарында рейдтік жұмыстар жүргізу басталып та кетті. Демалыс басталысымен, ата-аналар балалардың су айдындарына, суаратын арықтарға және каналдарға жақын жерде жүруіне жауапты екеніне ерекше назар аударылып келеді. Әрбір суға шомылатын адам өзен-көлдер мен су қоймаларындағы қауіпті орындарды білуі керек. Себебі, жабдықталмаған жерлерде үйінділер, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін. Жақын келе жатқан кемелер мен моторлы қайықтарға жүзіп өту де өте қауіпті. Оған жүзу құралдарының түбінің астында жүзіп келе жатқан адамды сумен жалғаған жағдайлардың орын алғандығы дәлел бола алады.

kupaniezapreshcheno.jpg

Сонымен бірге Төтенше жағдайлар комитетін балалардың терезеден құлау оқиғалары алаңдатады. Ашық терезелерде баланың қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Ашық терезелерге қарай ұмтылған балалар оның қаншалықты қауіпті екенін білмейді. Құтқарушылар жүргізіп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, еліміздің кейбір аймақтарында қайғылы оқиғалар көбейіп бара жатыр. Осы жылы қаңтар-мамыр айларының аралығында көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 35 бала құлап кеткен. Ал республика бойынша 1-6 жас аралығындағы балалардың көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлауы жөнінде 21 оқиға тіркелген. Ал өткен жылы 2 жас пен 13 жас аралығындағы 100-ден астам балалардың терезеден құлау жағдайлары орын алған. 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 4 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй ересектердің қарауынсыз қалған соң, абайсызда 3-қабаттағы пәтердің терезесінен бір жастағы сәби құлап, жарақат алып ауруханаға жатқызылған. Аман қалған балақайдың жағдайы бүгінде орташа. Осы сияқты оқиғалар орын алмас үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетіндігін ескертеді. Сол себептен терезеге қауіпсіздік құрылғыларын орнатуға, терезе жанына жиһаз қоймауға, жасы үлкен балалардың өзінен жасы кішілерге қамқор болуына және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеге қалдырмауға кеңес береді.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, балалардың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-аналары жауапты. Олар қауіп-қатерден аулақ болуы үшін қауіпсіздік ережелері туралы үнемі балаларына ескертіп отыруы керек. Сондықтан судағы апаттан қорғанып, қайғылы жағдайлар орын алмас үшін қауіпсіздік ережелерін сақтайық.

 

 

      

 

Бөлісу:
(Суреттер: yandex.kz сайтынан алынды) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға